МҮГЕДЕК АЗАМАТТАРҒА ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 12 МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТ КӨРЕСЕТУДЕ
Түркістан облысы аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 12 коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар. Олар мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге бағытталған. Бектілген Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдірілген 8 түрі, яғнииәлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік — мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қызметтері көрсетіледі.
Түркістан облысының тұрғындарының назарына көпшілік мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін және мүгедектерге арналған жәрдемақыны қалай алуға болатынындығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мүгедектер әлеуметтік осал топ өкілдеріне жатады, сондықтан мұндай категориялы Қазақстан азаматтарына мемлекеттен жәрдемақы түрінде берілетін материалдық көмек тағайындалған.
Айта кетсек, халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді. Осы конвенциямен бір уақытта оның Факультативті протоколы қабылданды. Осы конвенцияда мүгедек әйелдер мен балалар туралы былай дейді: Қатысушы мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Қатысушы мемлекеттер әйелдердің жан-жақты дамуын, жағдайының жақсаруын және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін, олардың осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.
Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыруы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғарғы мүдделеріне көңіл бөлінеді. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жастары мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты жүзеге асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда заң негізінде мүмкіндігі шектеулі жандар қайта қалыпқа келтіру, қоғамда орын табуға құқылы. Одан бөлек төменде көрсетілген құқықтарға ие:
- Ақпаратпен қамтамасыз етілуі
- Білім алу, қалауынша мамандық алуы
- ҚР заңы негізінде тегін медициналық көмек алуға
- Кәсіби дайындық, еңбекке жарамдылық мүмкіндігін қалыпқа келтіру
- ҚР заңы негізінде баспанамен қамтамасыз етулі
- Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет алуы
- Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай әлеуметтік көмек қарастырылған?
- Мемлекеттік жәрдемақы түріндегі төлемдер, өтемақы
- Жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін қосымша төлемдер
- Жұмыс берушілер мен басқа да ұйымдар тарапынан берілетін қосымша әлеуметтік көмек
Қазіргі уақытта мүгедек адамдарға арналған «Кәсіптер атласын» әзірлеу аяқталуда.
«Даму» қорымен бірлесіп «Scale-up» бағдарламасы бойынша мүгедек адамдардың қатысуымен іске асырылатын 76 бизнес-жобаны қолдау шаралары басталды.
Жергілкті және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп мүгедек адамдарды мемлекеттік қызметкер қатарына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 1 қарашада олардың саны 701 адамға жетті, оның ішінде 391 адам Мемлекеттік басқару академиясының онлайн-курстарынан өтті. Сондай-ақ, 2021 жылы барлық өңірлер Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ten Qоgam» әлеуметтік қолдау және жұмысқа орналастыру орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Мұндай орталықтар бүгінге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ашылды.
Жәрдемақыны қалай алады?
Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тұрғылықты жері бойынша жүгіну керек.
I, II және III топ мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мәртебесін айқындау кезінде: Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне бару қажет.
Қажетті құжаттар:
- Сол жерде берілетін өтініш
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәландыру құжаты, шетел азаматының тұруға ыхтиярхаты).
- Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.
- Мүгедектігі туралы анықтама.
Мүгедектік қалай анықталады?
Тұрғылықты/тіркелген жеріңіз бойынша медициналық ұйымға өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге не денсаулық сақтау ұйымының бейінді маманына бару керек, ол қажетті диагностикалық және емдеу іс-шараларын, стационарлық тексеру мен емдеу көлемін анықтайды, диагнозды және функционалдық бұзылу дәрежесін белгілейді.
Диагностикалық, емдеу және оңалту жүргізгеннен кейін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған кезде, медициналық ұйымдар диагноз қойылған соң төрт айдан кейін адамдарды МӘС-ке жібереді. Анатомиялық ақаулары бар адамдарды және айқын ауруы жазылмайтын, ауыр жағдайлар есепке алынбайды.