Мұғалім-мектептің жүрегі
Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз 1971жылы 6 қаңтарда Түркістан қаласы, Шорнақ ауылында туған. Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектепте оқыған. 1976 жылы 1-сыныпқа барып. 1988 жылы орта білімді үздік бағамен тәмәмдаған. Түркістан индустриалды-педагогикалық техникумында 1 жыл оқығаннан кейін, Мәскеудегі Шиланск қаласында 6 ай одан кейін, бір жарым жыл кері байланыс әскер қатарында болған. Қайтып келген соң 2 жыл оқуын жалғастырып, 1993 жылы дипломын алды. 2003 жылға дейін Құрынбай Әстеев атындағы №25 мектеп-интернатта тәрбиеші болып жұмыс істеген. 1999 жылы ОҚМПУ-де тарих пәні мұғаліміне оқыған, сол жылдан бастап тарих пәнінен сабақ берген. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Осы жылдар аралығында ұстаздар арасында өткен түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. 2019 жылы Кентау қаласында мұғалімдер арасында өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алған, одан кейін облысқа жолдама алып. ол жерде 3-орынды иеленген.
Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығында серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз. Тарихи біліміміз уақыт ағымына қарай кемелденіп отырады. Тарих туралы түсінік ғылымны жетілуі, қандай да бір қоғамдағы тарихтың бағыт-бағдары идеологиямен тығыз байланысты. Әлі күнге дейін тарих ғылымында қазақ қоғамының бірқатар тарихи мәселелерін «көшпелілердің әлеуметтік-мәдени өмірінің дамығандығы туралы» еуроцентристік көзқарас тұрғысынан қарастыру кездеседі. ХIХ ғасырдан бастап Дүниежүзілік тарих тек Батыс елдерінің тарихы ретінде қарастырылды, ал «басқаның» бәрі нақты тарих шеңберінен тысқары жатқызылған еді. Бұл үлгі әлі күнге дейін басым. ХХ ғасырдың 20-жылдарынан Қазақстан тарихы маркстік таптық теория тұрғысынан баяндалды. Осылайша біз ұзақ уақыт бойы осы екі бағыттың ықпалында жүрдік.
Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстан тарихын белсенді түрде жаңғырту үрдісі жүріп жатыр, алайда өкінішке орай, өзгерістер сол дәстүрлі әдістер арқылы жүруде немесе тарих бұрынғыға қарама-қарсы түрде пайымдалуда. Осының ықпалымен трайбалистік немесе этноцентристік сипатағы біршама шығармалар да пайда болып жатыр.
Бүгінгі тарихымыз әлі де толық айқындалмаған күйінде қалып отыр. Оның негізгі себебі – қазақ халқы тарихының, Еуразияның ежелгі және орта ғасырлардағы көшпелі қоғамдары тарихи-мәдени мәселелерінің терең зерттелмеуінде. Жалпы алғанда, білімсіздіктің деңгейі тарих ғылымының әлсіз дамуына әкелді.
Тарих – тек өткен заман туралы білімдердің жиынтығы ғана емес. Ол сондай-ақ әр халықтың бүгінгі дүниедегі өзінің жағдайын айқын сезінуге және болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қатынасын нақты анықтауға, олардың мәні мен бағытын жете түсінуге мүмкіндік беретін ойлау жүйесі.
Тарих – ұлтты мақтан тұту мен патриотизмге тәрбиелейді. Сондықтан елдің саналы, белсенді азаматы болу үшін Отан тарихын жақсы білу қажет.
Тарихтың күрделі белестерінде өткен заман оқиғалары жаңғыра түседі және оны біз бүгінгі күннің ауқымды мәселелерін шешудің белділі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткенге жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануы қалыпты табиғи жағдайға айналады.
Қазір бізде және көрші елдерде жазылып жатқан тарихи егеменді республикалар халықтарының өзіндік тарихи бейнесі мен дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтауға бағытталған. Бұл жағдайдағы тарихтың рөлі дәрігердің қызметін еске түсіреді. Жүрегінің түкпірінде әрбір халық дәрігердің білікті маман болуын қалайды, ал сауатсыз дүмше-балгер емдеп жатқан халық қайғыға ұшырайды. Жақсы тарихшы ел руханиятына қажетті нәрді тарихтан тауып береді. Ол үшін өзгені жамандап, өзінді асыра көрсетідің де қажеті жоқ.
Жер шарында тарихы жоқ халық болмайды. Адамдар өмір сүрген жерде тарих та бар. Өткенді білсең заманды игеру оңайырақ, ал болашақты бағдарлау одан да жеңіл.
Бүгінде әлемдегі әрбір халықтың тарихи өткен шағы саяси тартыстардағы айқындаушы фактор іспетті, ұлттардың және мәдениеттер мен мемлекеттердің мүдделері қақтығысып қалған жағдайда соған жүгінетініміз анық. өз тарихын білмеген ел қоршаған біркелкіліктің арасында жоғалып кете барады. Тарихты жаңсақ түсіндіріп, оған деген мүлдем сенімсіздікті де қалыптастыруға да болады.
Тарих пәнінің негізгі ұстанымы адамның, елдің рухын жетілдіруге арналуы керек. Тарихты оқытудың мақсаты тек тарихи оқиғалармен, фактілермен танысу ғана емес, мыңдаған жылдық ата тарихымыз арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Самақау баяндалған, түрлі ойдан шығарылған қағидаларға толы, жүйесі мен құрылымы жоқ тарих білімсіздікке жеткізеді. Тарих ғылымы адамзат өмірін терең саралап, түрлі тарихи құбылыстарды ғылыми тұрғыда зерделеуі, ұлттың мүддесіне қайшы келетін қағидалардан бас тартуы қажет.
Кез келген қоғамның басты ұстанымы – адамзат факторы. Қоғамдық және этникалық құрылымындағы ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір халық тарихи желінің бір жүйесі, бөлшегі болып табылады. Осы сапада ол жалпы адамзаттық қатынастар ауқымына және дүниежүзілік тарихқа енеді. Дербес ұлттық құрылымы жоқ халық дүниежүзілік тарихи үрдісте өзіндік рөл атқара алмайды. Тарихты зерттеп-білу үшін этностың өмір сүруінің ішкі заңдылығын анықтау қажет. Бұған тарихтың басты субъектісі болып табылатын адамзаттың басынан өткен оқиғаларға және қоғамдық жүйенің құрылымына талдау жасау арқылы қол жеткізуге болады.
Тарихты біз қалай біле аламыз? Көптеген жылдар бұрын өткен оқиғалар бізге қалай жетеді? Осының бәрі әрине қызықты екені сөзсіз. Тарихты жасайтын адам мен қоғам. Ал сол тарих бізге ең алдымен іргелі тарихи зерттеулер арқылы жетеді. Тарихи зерттеулер сол заманнан қалған тарихи деректер негізінде жүргізіледі. Тарихи деректер заттай, жазбаша деректер болып бөлінеді. Сонымен қатар ауызша деректердің тарихи зерттеулер үшін маңызы зор. Жазбаша деректер дегеніміз ежелгі заманнан ескерткіш болып қалған көне жазулар, құлпытастап, бір сөзбен айтқанда, тарихи оқиғалар жайлы жазбаша материалдар. Жазу осыдан 5000 жылдай бұрын пайда болғаын білеміз. Осы кезден бастап адамдар көптеген оқиғаларды жазба белгілері арқылы кейінге қалдырып отырған. Мұны тарихи-лингвист ғалымдар зерттеп оқиды.
Кейіпкеріміздің бұл мамандықты таңдауына ата-анасы себепші болса, тарих пәнінен сабақ беруіне мектеп қабырғасында білім берген Рахимжон ағайы әсер еткен. Ұстазының сабақ түсіндіруі, үйрету тәсілдері, орындауға беретін тапсырмалары-тарих пәнін терең меңгеруіне түрткі бола білген.
Егер бұл саланы таңдамағаныңызда, қазір қандай бағытта жұмыс істер едігіңіз? Деп, өз сұрағымызды жолдаған едік, “Кішкентай кезімде әскер болуды армандағанмын, бәлкім майор қызметінде жүрер едім”
Қазіргі таңда отбасылы, 4 қызы бар, 3 қызын ұзатқан, өз мамандығын жақсы көреді. Шәкірттері де ағай сізден сабақ алған ұнайды, бір дәрістің өзінде неше түрлі ақпараттарды миымызға құйып қоясыз деп, жағымды пікірлерін айтып отырады.
Сұхбат барысында кейіпкерімізден қазіргі білім жүйесіне деген көзқарасын білдік. Ол кісінің пікірінше, бұрынғы және қазіргі білім жүйесінің өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Бұрын сабақты түсіндіріп, берген мәліметтерімізді сұрап алатын болсақ, қазір оқушылардың өзіне тапсырма береміз, олар жан-жақты ізденіп, үйренеді. Бұл жүйе бір жағынан оқушыны топпен жұмыс жасауға, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, мәлімет жинауға, адамдармен коммуникация жасауға үйретсе, тағы екінші жағынан барлық баланың бірдей сабаққа дайындалып келмеуіне әкеп соқтырады. Топпен жұмыс болғандықтан, мен орындамасам, басқасы орындайды деген оймен дайындалмай келетіндері де болады. Барлық нәрсені өздеріне жүктегендіктен, кейде жауапкершілікті сезінбей, ұмытып кететін оқушыларымызда табылады.
“Бірақ салыстырмалы түрде баға беретін болсам, мен қазіргі білім беру жүйесін қолдаймын, ғаламторда бүкіл мәліметтер бар. Ізденсек, мүмкіндік есіктері айқара ашық, түрлі тақырыптағы материалдар толып жатыр, тек оқушылардың бойына патриоттық сезімді сіңіріп, білімнің берері көп екенін ұғындырсақ жеткіліті.