Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтардың анасы!

«Бала жүрегі-кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек»деп, Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу, мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектеп-балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те, артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі үлкен ғанибет.

Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген.

 

Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұстаз!

Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.

Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы — жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген.

Менің мамандығым мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу-игілікті істердің бастамасы деп,  өз сөздерін бастаған кейіпкеріміз: Исаева Салтанат Таранқызы Түркістан қаласы Шорнақ елді мекенінде 1967 жылы дүниеге келген. 1974 жылы Шорнақ атындағы жалпы орта мектебіне 1-сыныпқа барған, 1984 жылы орта білімді аяқтаған. Бітіре салысымен, 1 жыл  КСДК деген зауытта жұмыс істеген. 1985 жылы Түркістан педагогикалық учелищесіне оқуға түскен және 1987 жылы оны сәтті аяқтап шыққан. Бітірген жылдан бастап, Құрманбай Рысбеков атындағы жалпы білім беретін мектепке тәрбиеші болып жұмысқа қабылданған.

1996 жылдан бері осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі 36 жыл. Жұмыс жасап жүріп, Көкшетау мемлекеттік педагогикалық университетінде бастауыш сынып мұғаліміне сырттай оқып, дипломын алған. Бұл мамандықты таңдауына, осы салаға келуіне мектеп кезінде білім берген мұғалімдері түрткі болған. Соларды көріп, қызығушылығы арта бастаған. Кейіпкеріміз қазіргі таңда балалармен жұмыс жасау қиынға соқпайтынын, керісінше кішкентайлармен бірге сабақ өту қуаныш сыйлап. шабытандырып жіберетінін жеткізді.

Айтуынша, қалалық, облыстық және республикалық деңгейде марапаттары бар. Ұстаздар арасында өтетін “Өнерлі ұстаз” атты қалалық, облыстық байқауларға белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлаған. “Білім үздігі” медалімен де марапатталған, шәкірттерін математика пәнінен облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға тұрақты түрде алып барады және жеңіспен оралады екен.

Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге қабілетті болудың көр¬сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬неді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү¬йе¬сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

Бұл мәселені шешудің кілті ұс¬таз қолында. Өйткені, ұстаз ел¬дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр¬бие¬леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.

Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ой¬науға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ға¬жай¬ып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы на¬ғыз ұстаз болу кімнің де болса арманы.

Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та¬бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа¬ңа¬шылдықтың бастаушысы, жү¬ре¬гі – жылы, көңілі – дарқан адам.

Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, бас¬қаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам¬ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз¬ған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз¬дік¬сіз ізденісте болып, қоғам сұ¬ра¬нысына сай білімді, шығарма¬шыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой¬лай¬мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү¬гін арқалауды өз жүрегімнің қа¬лауымен таңдадым. Маман ұс¬таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба¬ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба¬ғалай білу.

 

Бо¬лашақта мұғалім мамандығы ең беделді, әрі жоғары ақы төле¬не¬тін мамандықтың біріне айналуы үшін оны сүйіп, талмай еңбек ету қажет.

 

Ұстаздық қызметте, шәкірт¬термен қарым – қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мә¬дениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.

 

Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет¬сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене¬мін» деген даналығы білім алу¬шының білімге ықыласын атты¬руда ақпараттық – комму¬никатив¬тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.

Сапалы білім негізі – жан – жақты ақпараттық материал¬дар¬ды, көрнекі құралдар мен ұтым¬ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал¬майтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұ¬ғалімнің құны жоқ деп ой¬лай¬мын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.

Сондықтан бүгін білім бе¬ру¬дің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан – жақты ака¬демиялық білімінің бо¬луы, екіншіден, мұғалімнің өз ма¬ман¬ды¬ғы-на деген шынайы сүй¬іс¬пенші¬лігінің және ешқан¬дай дипломмен бірге берілмейтін шығар¬машылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қа-сиет¬тері болуы шарт

Мен қазір біздің елімізде қа¬лыптасқан мұғалімдік маман¬дық¬қа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қа¬был¬дап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяла¬ры¬на жіберетін құрсаудың бұзы-лып, ұстаз мамандығы ең жоға¬ры ең¬бекақы төленетін үз¬дік ма¬мандыққа айналса деп ар¬ман¬дай¬мын. Өйткені, жаңа ға¬сыр¬да ғы¬лымның, техниканың, өн-дірістің қарқындап өсуі білім берудің бар¬лық жүйесін жүйелі дамы¬ту¬ды талап етіп отыр, жаңа мүм¬кін¬діктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұ¬¬мыс бағдарламасы жүзеге асу үс¬тінде. Жастарды шетелдерде оқы¬¬¬туға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқу¬лық¬тар білім беру ісіне ене бастады.

Рухани құндылықтарды жетілдіру, туған еліне, жеріне адал қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеу,  шығармашыл жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау менің басты міндетім және өмірлік ұстанымым деп, Салтанат Таранқызы өз ойын түйіндеді.