«Ұлт құндылықтары» конференциясы өтті.
Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен
«Ұлт құндылықтары; Тарих пен салт-дәстүр сабақтастығының мәдениетпен байланысы» тақырыбындағы тәжірибелік конференциясы өтті
Тәжірибелік конференцияның мақсаты:
Мәдениет саласындағы мекемелердің өзара байланысын нығайту, алдағы уақытта бірлескен іс шаралар ұйымдастыруды жоспарлау, тәжірибелер алмасу, өзара ынтымақтастық орнату арқылы тарихымызды, тілімізді, мәдени құндылықтарымыз бен мәдени іс шараларды кеңінен насихаттауға шаралар қабылдау болып табылады.Ел руханиятының алтын тәжі, жауһар жақұты – мәртебелі мәдениет. Халықтың үні, өнері, ән-жыры – халықтың тағдыры, жандүниесінің жаңғырығы. Оның түп тамырында сөз құдіретінен бастап, ұлттың құндылығы, табиғи болмысы, мінезі, өнегесі мен тағылымы, тарихы мен асыл аманаты уақытпен тыныстап жатыр.
Мәдениет саласының қызметкерлері «Ұлт құндылықтары» конференциясында пікір талас жасады. Мәдениет саласында көптеген еңбегі сіңген азаматтар қызмет атқарып келеді. Олардың айтуынша «Мәдениет жыл сайын жанданып келе жатыр, бұл біз үшін үлкен жетістік» — дейді мамандар.
Ел тәуелсіздігін алғалы көне тарихтың көмбесіне көз жүгіртіп, жоғымыз табылып, руханиятымыздың шамшырағы қайта жанды.