Әлеуметтік сала
Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қатысты саясаттың тиімділігін бағалау үшін алдымен әлсіз әлеуметтік топқа жататын азаматтардың әр өңірдегі үлес-салмағын әр категория бойынша біліп алған дұрыс. Азаматтардың кей категориясы арнайы қамтамасыз етуді, ерекше инфрақұрылымды қажет етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс. Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді» деп, ерекше атап өтті.
Негізігде Бүгінде әлеуметтік көмек отбасылардың келесі 5 санаты бойынша беріледі:
бір жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасылар;
көпбалалы отбасылар;
мүгедек баласы бар отбасылар;
аз қамтылған отбасылар;
асыраушысынан айырылған және бала асырап не қамқорына алған отбасылар. Әлеуметтік сала ең маңызды бағыт.
Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дәуірхан Сейілбекұлы Асылбекке жолығып, бөлімнің биылғы жылдың 8 айында атқарған жұмыстары мен Жолдаудан туындаған тың тапсырмалардың орындалу барысы жайлы сұраған едік.
— Дәуірхан Сейілбекұлы өзіңіз басқаратын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың игілігі жолында қандай қызметтер атқарады?
— Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, біздің бөлім 23 мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді. Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты төрт бағытта жүргізіледі. Атап айтқанда: еңбек қатынастарын үйлестіру, аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау және азаматтық хал-актілерін тіркеу. Сауран ауданында халықтың саны 100911 мың адамға жетті. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 43361 болса, жұмыссыздар саны 2181 адам болып отыр. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 17483 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 23697 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2023 жылдың 8 айында жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келуге өтініш бергендер саны 1399 адамды құрады. Оның ішінде:еңбекші көшіп келушілерге рұқсат берілгендер 1034 азамат, мерзімін ұзарту бойынша 86 өтініш, 279 азаматтың өтініштері бас тартылды.
— Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету қалай өрбуде?
— 2023 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 375675,0 мың теңге, қосымша төлемге Республикалық бюджеттен 40884,0 мың теңге қаралды.
2023 жылдың 8 айында 604 отбасының 3767 адамына 215751,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 185452,6 мың теңге төлем жүргізілді. Оның ішінде шартты түрі бойынша 563 отбасының 3572 адамына 196518,9 мың теңге тағайындалып, 168857,8 мың теңге төлем жүргізілді. Ал, шартсыз түрі бойынша 49 отбасының 243 адамына 19232,9 мың теңге тағайындалып 16594,8 мың теңге төлем жүргізілді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушы 3569 адамның ішінде еңбекке жарамды 1106 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1109 балаға 28234,8 мың теңге қосымша төлем төленді. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 1066,0 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты.
— Дәуірхан Сейілбекұлы аға ұрпақ өкілдері туралы және оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айта кетсеңіз? Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға қандай әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде?
— Сауран ауданында 7050 зейнеткер тұрады. Оның ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері біреу, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер – 148 болса, мүгедектері-72, тыл еңбеккерлері-261 адам. Көп балалы аналар саны 7729 адам. Оның ішінде: Алтын алқа иелері-494, Күміс алқа иелері-1828; Батыр ана-122; 1,2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-235 болып отыр.
Аудан деңгейінде 2023 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне — 160, «Мейір» ардагерлер үйіне — 160, жалпы 320 жолдама бөлінгендігін айта кетуге болады. Оның ішінде тамыз айында «Ардагерлер» үйіне-111, «Мейір» ардагерлер үйіне-116 жолдамамен зейнеткерлер қамтылды. Қазіргі таңда жалпы демалыс орындарына өтініш білдірген зейнеткерлер саны 2228 адамға жетті.
Мүгедектігі бар адамдар оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуде. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін есепте тіркелген мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту құралдарына 1681 өтініш түсіп, 1462 құралдар берілді.
Аудандық бюджеттен адамның иммун тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар үш отбасыға жәрдемақы төленді. Туберкулезбен ауыратын 25 адамға 5 АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 25 азаматқа 5 АЕК мөлшерінде төлем жүргізілді.
Сауран аудандық мәслихатының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы №168 шешіміне сәйкес, 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 2594 көп балалы алтын алқа, күміс алқа, батыр ана, 1,2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай төлемдер жүргізілді.
9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне 1500000 теңгеден, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 216 азаматтарға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және 247 тыл ардагерлеріне 30000 теңге бір реттік әлеуметтік төлемдер жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық мәслихатының 2022 жылғы №168 шешіміне сәйкес, үйінің өртенуіне байланысты бес отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Ағымдағы жыл басынан консультативтік кеңесші органның төрт отырысы өткізіліп, кеңесші органның төрағасы тарапынан пробация есебінде тұрған 59 азаматтарды қолдау мақсатында әлеуметтік, құқықтық шаралармен қамту туралы ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді. Аудан әкімінің қаулысымен пробация есебіндегі азаматтар мен бас бостандығынан айырылған азаматтарға 2023 жылға 16 жұмыс орындарының квотасы бекітіліп, эталонды бақылау пунктінде тіркеліп, 10 квота бойынша орындалды.
Ауданымызға қарасты ауылдық округтер бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды. Ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілді.
Мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызметі мемлекеттік сатып алу баға ұсынысы нәтижесінде, «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен келісім шарт жасалынып мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі көрсетілуде.
— Дәуірхан Сейілбекұлы азаматтық хал-актілерін тіркеу жұмыстары бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің игілігін көріп жатқандар бар ма?
— Сауран аудандық азаматтық хал актілерді тіркеу пункті 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен жұмыс жүргізеді.
Нақтырақ айтатын болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы хал актілерін тіркейді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әділет министрлігі Азаматтық хал актілерін тіркеу функциясын жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) беру жөніндегі 2022 жылғы 8 қыркүйектегі Ведомствоаралық жол картасының 2.3-тармағына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ға АХАТ функциясы 2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап өтті.
Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114 –IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен жұмыс атқарады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны-34 (1-меңгеруші, 1-кеңесші, 32 әлеуметтік қызметкерлері).
Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер-4, мүгедектігі бар балаларды күтушілер-28. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 15 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі 111 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан 14 мүгедектігі бар азаматтар есепте тұрады, жалпы 140 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
2023 жылдың 8 айында үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер 112 адам, қамтамасыз етілген 112 өтініш болды.
2023-2024 оқу жылына мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге жергілікті ХҚКО немесе «egov» порталы арқылы 29 өтініштер түсіп заңға сәйкес қаралуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі. Яғни, адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады. Сол үшін біз шикізатқа тәуелді болудан біртіндеп арылуымыз қажет. Бұл жұмыс табанды түрде жүргізілуге тиіс. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Жыл соңына дейін халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Өмір сүру ұзақтығы да артып келе жатыр. Былтыр бұл көрсеткіш 74 жастан асты. Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Азаматтарымыздың орташа жасы – 32 жас. Тұрғындардың үштен бірі – жастар. Үкіметтің міндеті – қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арттыруға пайдалану. Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз»,-деген болатын.
Ендеше, біздің мақсатымыз болашағына сенімді әрі білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу ғана емес, еңбекпен есейген аға ұрпақ өкілдеріне барынша мемлекеттік қолдау жасау болып табылады.