Әлеуметтік нысандар партия назарында
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, фракция мүшесі, мәслихат депутаты Бұхарбай Нұрғазы, Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Бертаев Есімхан және Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жөніндегі жобаларды іске асыру барысын қадағалау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізді.
Мониторинг барысында аудандағы мәдениет, денсаулық сақтау саласы, білім беру мекемелерінің нысандарын аралап Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жүріп-тұруына қаншалықты бейімделгендігі зерделенді. Кемшіліктер анықталған бірқатар нысандардың мекеме басшыларына ескертулер жасалды.