ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРҒА МОНИТОРИНГ

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жөніндегі жобаларды іске асыру барысын қадағалау мақсатында «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, фракция мүшесі, мәслихат депутаты ретінде, Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы және Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірге мониторинг жұмыстарын жүргіздік.
Мониторинг барысында аудандағы мәдениет, денсаулық сақтау саласы, білім беру мекемелерінің нысандарын аралап ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жүріп-тұруына қаншалықты бейімделгендігі зерделенді. Кемшіліктер анықталған бірқатар нысандардың мекеме басшыларына ескертулер жасалды.

#amanat_deputat