Әлеуметтік масылдықты төмендету үшін халық арасында ақпараттық жұмысты күшейту басты міндет
Түркістан облысының тұрғындарының назарына қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алып жатқадығы және онымен күрес жолында атқарылып жатқан жұмыстарды ұсынамыз. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды әдейі жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез-келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауап беруі керек.
Мәселен, адамдардың сапалы білім алып, кәсіби маман болып, одан кейін сол саласы бойынша және соның әсерінен қоғамдағы жұмыссыздармен түрлі әлеуметтік топтарға төленетін төлемдер бізде көбейсе онда біз масылдылықты жоя алмаймыз.Себебі, біз халықты әлеуметтік қорғау арқылы масылдықтың себебімен емес, салдарымен күресеміз. Біз осыған жол бермейтін жағдайды алдын ала орнатсақ әлеуметте мұндай көңіл күйде… Бұл қазір өкінішке орай ешқандай ұят емес болып қалды. Біз тек сонымен күресуге ғана күш салып отырмыз. Бұдан бөлек, кедейлік қақпаны деген ұғым бар. Яғни адамдарға әлеуметтік төлемдер төлеген сайын адамдар ары қарай ұмтылмайды. Демек сол мемлекеттен алатын көмектер оның белгілі бір деңгейде күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол соған қанағат қылады. Тағы бір мәселе, кейінгі туған балалардың бойындағы масылдық, енжарлық, жұмысқа қызығушылықтың болмауы немесе төмен болуы бұл бір жағы әке шешесінің шектен тыс еркелетуі қателіктен деп ойлаймын. Сол себепті баланың бойына құнды қасиеттерді сіңіре білуіміз керек. Қазақстанның болашағы осы балалардың қолында. Біз баланың бойына жауапкершілікті арттырып, жақсы жағынан өзгертуіміз керек. Әрбір ата-ананың мойында. Егер біз балаларымызға бойына жақсы қасиеттерді, соның ішінде, жалқаулықтан, еріншіктіктен бойын аулақ қылсақ, қоғамға үлесін тигізетін ер-азамат болады. Сол себепті балаларға осы құндылықтарды үйрету басты талабымыз болу керек.
Тұтастай бір ұлттың мінезіндегі мұндай көңіл күймен күресудің жолы қайсы, масылдықтан құтылатын әрекет бар ма? «Адамды адам еткен еңбек», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «еңбегімен ер сыйлы». Бұл қағидалардың бәрі ертеден ел санасына сіңісті болған тәлім еді. Қазақ ұл-қызын еңбекке осылай баулыды. Балабақша, мектеп, университет те жасөспірімнің, жастардың айналасына осындай атмосфера қалыптастырды. «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті», «жатқанға жан жуымас, жалқауға мал құралмас», «Жалқаудың жауы–жұмыс» деп еріншек, керітартпа, жатыпішерлерді айыптады, қоғам болып мұндай көңіл күйдегі адамнан жиренді. Мұның бәрі қарапайым адамды еңбекті сүюге үйретті. Шын мәнінде, осындай мақал мәтелдер өсіп өнуді, өркендеп, баюды мақсат еткен кез келген адамның өмірлік бағыты, ұстанатын бағдары болды. Өкінішке қарай, соңғы жылдары қазақ халқы осы тәрбие мен тәлімнен ажырап қалды. Қоғамды масылдық көңіл күй мен жатыпішерлік, тоғышарлық жайлады. Оңай табыс, арзан күлкі, арсыз ұйқыға үйір буын пайда болды. Жастардың арасында бір бірін алдап кету, біреудің ақшасын малдану, кісі ақысын жеу, еңбексіз баюға ұмтылу секілді алаяқтыққа алып баратын әрекеттер көбейді.