ӘКІМНІҢ ТАПСЫРМАСЫМЕН ЗАҢСЫЗ НЫСАН СҮРІЛІП, ОРНЫНА БАЛАЛАР АЛАҢЫ САЛЫНДЫ

Шымкент қаласының «Жалын» тұрғын алабында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қараусыз қалған заңсыз құрылыс нысаны бұзылып, орнына балалар ойын және воркаут алаңшасы салынды.

Бұл мәселе қала басшысының тұрғындармен өткізген көшпелі кездесуінде Көкжиде көшесінде ойын алаңын орнату жөнінде ұсыныс айтылғаннан кейін көтерілген болатын.

Тұрғын тілегі ескерусіз қалмады

Жергілікті халықтың өтініші негізінде, әкімдік тарапынан нақты шешімдер қабылданып, заңсыз салынған нысан толығымен сүрілді. Оның орнына балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи ойын және жаттығу алаңы пайдалануға берілді.

Бүгінде бұл алаңша тұрғындардың игілігіне қызмет етіп жатыр.


Қала әкімдігі халық ұсыныстарын ескеріп, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.