Үкіметтің өкілеттігі доғарылды – Тоқаев жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың жарлығымен үкіметтің өкілеттігі доғарылды. Министрлер кабинеті үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады.
Қазақстан Конституциясының 70-бабының 1-тармағы мен «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңының 4-бабы бойынша жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің алдында үкіметтің өкілеттігі доғарылады.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген құжатта.
дереккөз: sputnik.kz