Әкім мен халық арасындағы ашық диалог нәтижесін берді

Шымкент қаласының Оңтүстік шағынауданында жаяу жүргіншілерге арналған жаңа аяқжол салынды.

Аталған мәселе қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен өткізген көшпелі кездесуінде көтерілген болатын. Жергілікті тұрғындар Қума және Айбатты тұйық көшелерін байланыстыратын жаяу жүргінші жолын салу қажеттігін жеткізген еді.

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмады

Әкімдік тарапынан азаматтардың өтініші негізінде қажетті жұмыстар жүргізіліп, жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз әрі ыңғайлы аяқжол толықтай салынып, пайдалануға берілді.

Бұл бастама – тұрғындар үшін күнделікті қозғалысты жеңілдетіп қана қоймай, жалпы қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты қадам.


Халықпен кері байланыс – әкімдік қызметінің басты басымдығы.
Тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс пен көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.