КЕНТАУДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Кентау қаласының 68 жылдық мерейтойы қарсаңында Хантагы ауылында «Шығармашылық үйі» халық игілігіне берілді.
Бұл нысан өнерді бар ынтасымен сүйетін, дарынды, білімді құрметтейтін ауыл жастар үшін қызмет етпек. Нысанның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Бүгінгі есігі айқара ашылғалы тұрғын шығармашылық үйінде ауыл жастары жан-жақты өнерді қамтып, дарынды боларына сөзсіз сенемін. Себебі дарындылардың басым көпшілігі ауылдан шығады. Енді сол шығармашылықты әрмен қарай дамытуға бұл мекеме қызмет ететін болады» деді. Жаңа нысанның лентасы қиылып, ауыл тұрғындарына шашулар шашылды.
Шығармашылық үйінде қолөнер бағытында түрлі үйірмелер жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек, ми дамытуға арналған шахмат, тоғызқұмалақ секілді спорт түріненде үйірмелер ашылмақ.
Шығармашылық үйі заман талабына сай жабдықталған. Қәзірдің өзіне үйірмеге қатысушы ауыл жастарының саны артуда.