“КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ”: ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай қылқалам шеберлері және кәсіби, әуесқой фотографтар арасында «КӨНЕ МЕН КЕЛЕШЕК КӨПІРІ» атты республикалық байқау өткізеді.

Байқауға Түркістанның өткені мен бүгінгі көрінісі бейнеленетін туындылар қабылданады.
Екі номинация бойынша байқауға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Байқаудың қаржылай жүлде қоры 600 000 теңге!

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2023 жылдың 22 наурызына дейін қабылданып, қазылар алқасының сараптау жұмыстары жүргізіледі.
30-31 наурыз күндері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Толық мәлімет үшін байланыс телефондары: +7 747 937 17 54 Асел Дощан, +7 775 664 2198 Назгүл Саттархан.

Электронды почта: dshturkistan@mail.ru.