КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Күн тәртібінде облыстық прокуратурасының 03.10.2023 жылғы №2-12-23-12345 заң бұзушылықты жою туралы айтылды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселесі комиссия жұмысында кеңінен талқыланды.
Ведомствоаалық комиссия отырысына қатысушылар бұл мәселе бойынша кәмелетке толмағандарға психологиялық және медициналық қызмет көрсету және отбасылық психотерапия жұмысын жандандыруды ұсынды.
Комиссияның отырысына заң бөлімінің басшысы Қ. Жаналиев, білім бөлімінің мамандары және аудандық полиция қызметкері т.б қатысты.