ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Бүгін Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауыл округі Бабайқорған орта мектебінде Бабайқорған ауылдық округі әкімінің орынбасары Ақмарал Назарбайқызының ұйымдастыруымен және Абай, Үлгілі ауылдарының «Ел-Ана»,«Ақкербез»аналар топтарының қатысуымен іс-шара болып өтті. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекболат Тұрдиев акцияның мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу екендігін айта келіп, келген қонақтарымен таныстырып жиынды ашып берді. Мектеп психолог маманы Канешова Жадыра тренинг өткізіп, зорлық-зомбылық туралы бейнеролик көрсетті.
Зорлық-зомбылық – азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау, адам психикасына әсер етіп жүйкесінің тозуына, қорқыту, тәнге жарақат салу, тағы басқалары екендігін айтып жеткізді. «Үйдегі тыныштықтан Жер бетіндегі бейбітшілікке — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық’ — атты акцияның осы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқанына тоқталып, алдын алу мақсатында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын және қабылданып жатқан шаралармен таныстырылып,қоғамдағы зорлық-зомбылыққа байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиын соңында ауыл тұрғыны Балақаев жалпы орта мектебінің ұстазы Жәудір Құрманходжаева өз сөзінде: Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны белгілі. «Тәрбие тал бесіктен басталады» десек, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі еш уақытта қоғамды бей-жай қалдырған емес. Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетіндер – әйелдер мен жас балалар. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі.Сондықтан бірінші ата- ана өз отбасында балалардың тәрбиесін қадағалауын,отбасы құндылықтарын сақтау керектігін айта келіп,қоғамда өмір сүріп отырған әрбір азамат зорлық-зомбылыққа жол бермеу керектігін айтып жиынды қортындылады.