ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ КӨП КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қоғамдық қабылдау кесте бойынша жалғасуда. Бүгін қала тұрғындарын ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлауға түсетін Әлия Юсупова және Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Алма Архабаева қабылдады.

Қоғамдық қабылдауда әлеуметтік сала мен кәсіпкерлік мәселелері көтерілді. Тұрғындар зейнетақы мөлшері мен оны есептеу жолын, енді бірі кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдаулар туралы білуге келген.

Кандидаттар тұрғындарға мәселелері заң шеңберінде шешілетінін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ұсыныстар мен талап-тілектерін жазып алды. Сонымен қоса, биылдан бастап партияның бастамасымен әйелдер кәсіпкерлігіне көп көңіл бөлінетінін жеткізді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.