«JasSpace» жастарға серпін сыйлауда

Атырау қаласындағы Абай орталығында 2022-2023 жылдарға арналған балалар мен жастардың әлеуетін дамытатын JasSpace бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика) бағыттары бойынша білім беріп, аталған салалардағы кәсіптерді кеңінен насихаттау. Сонымен бірге, Абай орталығы қызметінің тұрақтылығы, қолжетімділігі, ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге үлес қосады. Бағдарлама аясында 7-11 сынып оқушылары, студенттер, мүмкіндігі шектеулі жастар мен STEAM оқытушылары қамтылады.
Атап өтсек, түрлі құралдармен жабдықталған бағдарлама зертханасы STEAM аймағы, ғылым аймағы, медиа зертханасы, Shop-bot, компьютерлік зертхана, амфитеатр және лаунж аймақтарынан тұрады. Мұнда курсқа қатысушылар түрлі тәжірибе жасап, өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Айта кетейік, бағдарлама аясындағы курстар ғылыми, технологиялар, инженерия, өнер және гуманитарлық ғылымдар және математика бағыттарына бөлінеді.
Жоба жетекшісі – Салтанат Ногайбайланова. Байланыс үшін: +7 701 722 68 12, saltanat@ef-ca.org.
Жоба үйлестірушісі – Жанар Нұртөлеу. Байланыс үшін: +7 702 612 08 53, zhanar.n@ef-ca.org.