Инклюзия – мемлекетке көмек
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, өзекті мәселенің бірі болғаны белгілі. Жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу жұмысын қазіргі заман талабына сай стандартқа енгізуді оқушылармен жеке дифференциалды жұмыс істеу нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Инклюзия – қоғамдағы барлық адамдардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды ұғым. Түркістан облысында инклюзияны дамыту және қолдау мақсатында көптеген шаралар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл мақалада Түркістан облысындағы инклюзияның қазіргі жағдайы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ болашаққа арналған жоспарлар қарастырылады.
Түркістан облысында инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды. ындығы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері бар.
Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуы, әлеуметтік бейімделуі және өмір сүру сапасының жақсаруы арта түсуде. Түркістан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мүмкіндіктерді дамыту маңызды мәселе болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуы, әлеуметтік бейімделуі және өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекет пен қоғамның белсенділігі қажет. Бұл мақалада Түркістан облысындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру, медициналық, әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер қарастырылады. үркістан облысында бірнеше арнайы білім беру мекемелері жұмыс істейді. Бұл мекемелерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделген оқу бағдарламалары ұсынылады. Мысалы, Түркістан қаласындағы арнайы мектеп-интернаты мен «Шаңырақ» арнайы балабақшасы балалардың білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл мекемелерде әр балаға жеке оқу жоспары құрылады және мамандардың көмегімен балалардың қабілеттері мен қажеттіліктері ескеріледі.
Түркістан қаласында орналасқан арнайы мектеп-интернат мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ордасы болып табылады. Бұл мектепте әртүрлі жастағы балалар оқиды, олардың барлығына жеке оқу бағдарламалары жасалады. Мектептің басты мақсаты – балалардың жалпы білім деңгейін арттыру, олардың интеллектуалдық және физикалық дамуына жағдай жасау. «Шаңырақ» арнайы балабақшасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Балабақшада балалардың ерте жастан бастап дамуына ерекше назар аударылады. Мамандар әр балаға жеке тәсілмен қарап, олардың қажеттіліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбие беру жұмыстарын жүргізеді. Балабақшада әртүрлі ойындар мен іс-шаралар өткізіледі, бұл балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Инклюзивті білім беру жүйесі де Түркістан облысында кеңінен енгізілуде. Бұл жүйеде ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін сыныптарда қатарластарымен бірге оқиды. Мұндай мектептерде арнайы педагогтар мен ассистенттер жұмыс істейді, олар балаларға оқу процесінде көмек көрсетіп, олардың қажеттіліктеріне қарай жеке қолдау көрсетеді.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту бағдарламалары Түркістан облысында кеңінен жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламалар арқылы оларды еңбек нарығына бейімдеу, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту мәселелері шешіледі. Жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар өздерінің кәсіби қабілеттерін арттырып, экономикалық дербестікке қол жеткізеді.Әлеуметтік кәсіпкерлік ерекше қажеттіліктері бар адамдардың экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Түркістан облысында әлеуметтік кәсіпорындар жұмыс істейді, олар арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмысқа орналасып, табыс табады. Әлеуметтік кәсіпкерлік олардың қоғамда өз орнын табуға және экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.Жұмыс орындарында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қажетті жағдайлар жасау маңызды. Түркістан облысында жұмыс берушілерге инклюзивті еңбек ортасын құру бойынша кеңес беру және оқыту бағдарламалары жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалар арқылы жұмыс берушілер ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлердің қажеттіліктерін түсініп, оларға қолдау көрсетуді үйренеді.Мәдени шаралар арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамдағы белсенділігі артады. Түркістан облысында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады, олар арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар өнерге, шығармашылыққа қатысады. Бұл шаралар олардың рухани байлығын арттырып, қоғамдағы орнын нығайтуға көмектеседі.
Спорттық шаралар да ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қоғамдағы белсенділігін арттырады. Түркістан облысында спорттық жарыстар, турнирлер ұйымдастырылады, олар арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар спортпен шұғылданып, өздерінің физикалық қабілеттерін арттырады. Спорттық шаралар олардың өзін-өзі бағалауына және қоғамдағы орнын табуға көмектеседі.
Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда «өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар» түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 мыңға жуық бала ерекше білім беруді қажет етеді. Оның 38 мыңы – мектеп жасына дейінгі балалар, 96 мыңы – оқушылар. Инклюзивті білім беру әлемде маңызды мәселеге айналды. Қазақстанның «Баршаға арналған білім» бағдарламасы негізінде инклюзивті білім беруді ілгерілету бойынша жүзеге асырған саясаты мен бастамаларының тың мүмкіндіктерін қарастыру күн тәртібінен түсе қоймады. Осыған қатысты педагог ретінде бір үзік пікірімізді білдіргенді құп көрдім. Әуел баста түсіндіре кетелік. Инклюзивті білім беру дегеніміз – әрбір оқушы қажеттілігін қанағаттандырарлық сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету процесі. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 2021 жылғы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі заңға қол қойғаннан кейін жалпыға бірдей білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнайы жабдықталған сыныптар ашылды. Мектепке келе алмай жүрген балалар өзі қатарлас балалармен бір сыныпта сабақ оқуға мүмкіндік алды. Аталған заңның арқасында арнайы мамандар жұмысқа тартылып, оларға жағдай жасалуда. Арнайы оқулықтар, жұмыс дәптерлері шығарылды. Енді осы оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің саны артып, кітапханаларға көптеп таратылса, яғни, бәріне қолжетімді болса және мамандар біліктілігін арттыратын ақысыз курстар ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді. Мемлекет басшысының қолдауымен әлі де көптеген жүйелі жұмыстар атқарылатынына сенім мол. Қазірдің өзінде ерекше қажеттілігі бар жандар инклюзия игілігін сезіне бастады. 2008 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясына қол қойып, онда мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін инклюзивті білім берудің маңыздылығы аталған еді. Үкімет ұсынған негізгі бастамалардың бірі – «Баршаға арналған білім» бағдарламасы. Бұл бағдарлама Қазақстандағы әрбір баланың шығу тегі мен қабілетіне қарамастан сапалы білім алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мұнымен бірге, Қазақстанда инклюзивті білім беруді ілгерілетумен айналысатын бірқатар үкіметтік емес ұйымдар да бар. Мысалы, «Ашық қоғам қорлары» Қазақстанда 1993 жылдан бері инклюзивті білім беруді дамыту және мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін жақсарту мақсатында жұмыс атқаруда. Мұнда оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен кешенді негізде жұмыс атқару маңызды. Яғни, бұл этикалық зерттеу тәжірибесіне сүйене отырып, мүдделі тараптармен бірлескен қарым-қатынасты дамытуды талап етеді.