Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға баса назар аударылуда
Түркістан облысында инклюзивті қоғам дамуының негізгі қағидасы ретінде инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға баса назар аударылып келе жатыр. Негізінде инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін, алдымен әртүрлілікті қабылдауға байланысты дағды қалыптасуы тиіс. Жалпы алғанда елімізде түрме, жетім балалар үйі мен қарттар үйі сияқты институттар құрылып, халықта оларға деген өзгеше көзқарас қалыптасқан. Бірақ қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен халықтық философия-психологиясында кемсітушілік, алалау, жек көру сынды көзқарасты құптамайтынын білеміз. Сондықтан біздің қазақ қоғамына инклюзия идеялары, құндылықтары жат емес екенін ескере отырып, негізгі мақсат инклюзивті сана-сезімді оятуға бағытталуы керек сияқты. Мәселен, сала мамандары инклюзив дегенді қоғам жалпыхалықтық комфорт деп қабылдауы керек деген мәселені қолға алса, адамдар арасында бір-біріне деген құрмет, мейірім, жанашырлық артып, проблема азаяр ма еді.
Негізінде инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін, алдымен әртүрлілікті қабылдауға байланысты дағды қалыптасуы тиіс. Жалпы алғанда елімізде түрме, жетім балалар үйі мен қарттар үйі сияқты институттар құрылып, халықта оларға деген өзгеше көзқарас қалыптасқан. Бірақ қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен халықтық философия-психологиясында кемсітушілік, алалау, жек көру сынды көзқарасты құптамайтынын білеміз. Сондықтан біздің қазақ қоғамына инклюзия идеялары, құндылықтары жат емес екенін ескере отырып, негізгі мақсат инклюзивті сана-сезімді оятуға бағытталуы керек сияқты. Мәселен, сала мамандары инклюзив дегенді қоғам жалпыхалықтық комфорт деп қабылдауы керек деген мәселені қолға алса, адамдар арасында бір-біріне деген құрмет, мейірім, жанашырлық артып, проблема азаяр ма еді.
Елімізде инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті қоғам құрудың алғашқы қадамы екендігі даусыз. Қазіргі уақытта адам қызметінің барлық салаларында инклюзияны енгізу және дамыту бойынша қоғамның күш-жігері байқалуда. Білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың ғана зерттеу нысаны болған инклюзивті білім беру проблемалары бүгінгі күні көптеген әлеуметтік институттардың да назарын аудара бастады.
Позитивті қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызды рөл педагогикалық қоғамдастықтың белсенді өмірлік ұстанымына байланысты екендігі де даусыз. Ұлы Абайдың сөзімен айтқанда: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі».
Демек, еліміздің педагогикалық қоғамдастығы мен білім беру жүйесі жас ұрпақ тығыз байланыста дамитын мәдени құнарлы қабат бола білуі тиіс. Сонымен қатар Қазақстандағы мультимәдени орта да даму әлеуетін білдіреді және инклюзияның табысты болуына жағдай жасай алады, өйткені әртүрлілік өмірдің барлық жақтарын күшейтеді. Инклюзивті кеңістікке неғұрлым көп субъектілер қосылса, табысты жағдайды жасау үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болады.
Қоғамның ересек ұрпағы алдында тұрған ортақ үлкен міндет – рухани және адамгершілік жағынан дамыған, көршісіне мейірімділік пен сүйіспеншілік, қамқорлық секілді мәңгілік құндылықтарды сақтай алатын, айналасындағы барлық алуан түрлілікті құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу екендігін ұмытпауы тиіс.