ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШЕ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ЕҢБЕК АДАМЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Түркістан облысының 5 жылдығына орай Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған І- Халықаралық көше театрларының фестивалі өткізілді. Аталған іс-шараға шет мемлекеттерден келген және Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық театры, Шымкент цирк, Керуен сарай ойын-сауық театры, Түркістан музыкалық театры, Р. Сейтметов атындағы драма театр, Жетісайдан келген аттары дүрдей кәсіби театрлармен қоса облысымыздың түкпір-түкпірінен келген мәдениет үйі өнерпаздары мен халық театрлары қатысып театр өнерінің көркін қыздырды. Кәсіби театрлармен иық тіресе аталмыш шараға Сауран аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері де қатысып, С.Жолановтың «Үрей» атты психологиялық драмасын сахналап, жоғарғы деңгейде өнер көрсеткені үшін Облыс әкімнің орынбасары Б.Тәжібаевтың дипломымен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.