Грузияда Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді

27-28 қазан аралығында Грузия астанасы Тбилиси қаласында танымал комментатор, тележүргізуші, актер Котэ Махарадзе атында журналистер арасында футболдан дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Кіші әлем чемпионаты саналатын бәсекеге Грузия, Молдова, Румыния, Армения, Әзірбайджан журналистер құрамалары қатысты. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді. Финалдық ойында жерлестеріміз пенальтиден грузиялық әріптестерін тізе бүктірді.

Айта кетер жайт, Қазақстан құрамасының аталмыш бәсекеге қатысуына 1хбет букмекерлік компаниясы демеушілік етті.