Ерекше балараға ерекше күтім қажет
Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі балалардың аурулары мен ем қабылдауы жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Мүгедек балалардың уақытша немесе тұрақты мекендеуіне арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер бар. Ол жерге интеллектісі сақталған, сүйену-жылжу аппаратының қызметі бұзылған, тұрақты түрде басқа бір адамның көмегіне және медициналық қызметке зәру 4 пен 18 жас аралығындағы төмендегідей сырқатпен ауыратын мүгедек балалар орналасуы мүмкін:әртүрлі этиологиядағы мидың сал ауруы,полиомиелит салдарынан кейінгі қалыпқа келтіру және резидуальді кезең,сүйену-жылжу аппаратының әртүрлі туа және кейін пайда болған деформациялары,артрогриппозом,хондродистрофией,тұқым қуалайтын дегенеративті және жүйке-бұлшық ет аурулары.
Мүгедек баланы сауықтыру орталығына орналастыру үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барып, келесі құжаттарды тапсырыңыз:Баланың ата-анасының(заңды өкілдерінің)белгіленген үлгідегі өтініші.2.Өкілетті органның (медициналық мекеменің) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау жолдамасы:туу туралы куәлік немесе жеке куәлік,СТН,ӘЖК,мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі,медициналық карта,психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы,амбулаториялық картадан үзінді,жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі.
Балаларды МӘМ-нен шығару баланың ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші; – кәмелеттік жасқа толғанда.Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесіне қарайтын, оңалту орталықтары бар, онда әр түрлі аурулармен; тірек-қимыл және эндокринологиялық жүйелер ауруларымен ауыратын балаларды 20-27 күн аралығында оңалту курстарын өтеді.Орталыққа орналасуға қажетті құжаттардың тізімі, оңалту шараларын өткізуге қарсы көрсеткіштер барлық аймақтардың емдеу органдарында бар. Мүгедек балаларды тәрбиелеп және үйде оқытып отырған отбасыларына көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен тоқсан сайын жәрдемақы төленеді. Жан басына шаққанда орташа табыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй және біржолғы материалдық жәрдемақы жасалынады.