«Еңбек адамы» жедел көмек көрсетуші фельдшер Оразхан Ерланұлы


Фельдшер – орта медициналық білімі бар медицина қызметкері. Фельдшер мамандығы өте жауапты және маңызды, өйткені ол адам өмірін сақтап қалуы үшін жиі алғашқы жедел жәрдем көрсетуге мәжбүр болады. Фельдшердің жұмысы жемісті болу үшін оның медицинаға деген қызығушылығы, үнемі адамдарға көмек көрсетуге дайын болуы маңызды. Сауран аудандық емханасында 4- ші санатты жедел жәрдем бөлімінде бір бөлім меңгерушісі, бір аға фельдшер және он төрт жүргізуші жұмыс жасайды. Бүгінгі кейіпкеріміз Дүйсенбек  Бұл мекемеде жұмыс жасап жүргеніне екі жылдай уақыт болған. Негізгі мақсаты жедел жәрдем бөліміне кіріп, өзінің еліне, өзінің ауылына, тұрғындарына өол ұшын созып, көмек көрсету.
«Жедел жәрдем» бригадасының құрамында жұмыс істей отырып, науқастар мен зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі, жедел және шұғыл жәрдем көрсетеді, дәрігердің көмекшісі болып табылады және оның бақылауымен емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыс істейді, стационарлық, амбулаториялық көмек пен үйде, ауылдық жерлердегі медициналық пункттерде жәрдем көрсетуді дербес жүзеге асырады.
Аурудың алдын алу және оны азайту, ауруды ерте анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Босануға көмек көрсетеді. Түрлі талдаулар жүргізеді. Емдеу-профилактикалық және санитарлық-гигиеналық шараларды дайындап, олардың өтуіне атсалысады. Дәрігерлік тағайындамаларды орындайды. Кіші медициналық персоналдың қызметін басқарады. Атқаратын міндеттерінің аясы көбінесе жұмыс орнына байланысты. Кейіпкеріміз кейде жұмыстың ауырлығынан бұл мамандықты таңдағанына өкінгенімен, науқастардың разылығын алғаннан кейін бәрін ұмытатын жасырмады. Жас маман қиындықтарға тап болуы мүмкін, себебі бұл мамандық үлкен жанқиярлықты, үнемі өз бетімен оқуды, шыдамдылықты, күштік төзімділікті, адамдармен қарым-қатынас орната алуды, ең бастысы – батылдық пен табандылықты қажет етеді. Аллергиялық немесе созылмалы аурулармен байланысты медициналық қарсы көрсетілімдер бар. Фельдшерлер «жедел жәрдем» станцияларында, ауруханаларда, емханаларда, диспансерлерде, шипажайларда, перзентханаларда және басқа да медициналық мекемелерде жұмыс істейді.
Фельдшер мамандығы әрдайым сұранысқа ие болады. Еңбек режимі ауысымды, тәулік бойы кезекшілік, мереке мен демалыс күндері жұмыс болуы мүмкін.
Жоғарғы деңгейдегі маман болу үшін 3 жыл қажет. Жас маман қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі бұл мамандық үлкен жан қиярлықты, өз бетімен оқуды, шыдамдылықты, күшті төзімділікті, адамдармен қарым қатынас орната білуді, ең бастысы батылдылық пен табандылықты талап етеді.
Қайнаған тіршіліктің ортасында жүріп, орта буынды медицина қызметкерлерінің еңбегі бағаланбай жатады. Қазақстанда 103 нөміріне бір тәулікте мыңдаған қоңырау түседі. Бір күннің өзінде қаншама шақырту алынады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Жақынымыз аяқ астынан ауырғанда ғана жанымыз шырқырап, әр секунд, минутты санап, жедел жәрдемді күтумен тағаты таусылмаған адам кемде-кем шығар. Екі оттың ортасында жүріп, науқастың өмірін фельдшерлерге аманаттаймыз. Осы уақытта диагнозды дұрыс қоя білетін, аман-есен үйіне оралатын адамның тағдыры – фельдшердің жауапкершілігі мен біліміне тәуелді.