ЕҢБЕК АДАМЫ: Юлдашева Умида Гайратқызы

Кейіпкер 1989 жылы Жүнек ауалында дүниеге келген 2006 жылы мектепті бітіріп, 2007 жылы Түркісандағы пед колледжге окуға түседі. 2009 жылы оқуын тәмәмдап, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға тапсырады, 2012 жылы оқуын бітіріп, Рахманкул Бердибаев атындағы жалпы білім беретін мектепке көркем еңбек пәні мұғалімі болып орналасады. Еңбек өтілі 12 жыл.

Көркем еңбек мұғалімі балаларды оқыту жұмыстарын еңбекке баулу және тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелеріне сәйкес жүргізеді. Білім алушылардың еңбек қабілеттілігі мен дағдыларын, оларды практикада пайдалана алу дайындығын қалыптастырады. Еңбекке баулу жөніндегі жұмыс оқу жоспарлары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады, олардың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.

Жазғы кезеңде қоғамға пайдалы өнімді еңбек пен оқушылардың еңбек бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, рационалдылық пен өнертапқыштық қызметке деген ынталарын дамытады. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, құрал-саймандармен, техникалық құралдармен, көрнекілік оқу құралдарымен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастырады, олардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін жауап береді.
Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, құрылғыларды баптауды және жөндеуді ұйымдастырып, жүзеге асырады. Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.
Көркем еңбек мұғалімі әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарындағы балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.

Осы садлаға келуіне анасы түрткі болған, кішкентай кезінен қызының сурет салуға, түрлі моншақтар тоқуға деген қызығушылығын байқаған. Бейнелеу саласының адамы деп, осы мамандыққа алып келген екен. Сабақ барысында қыздарды тазалыққа, ұқыптылыққа шақырады, өзін-өзі қалай ұстау керектігін, санасына сіңіреді, шеберлікке баулиды, дәрістерінде көбінесе сәндік қолданбалы өнермен жұмыс істейді.

Сабак өту барысындағы артықшылықтары, бір жағынан жетістіктері деп айтуға келеді, жаңа технологиялардан пайдалану, жаңаша үлгіде киімдер тігу, моншақтар тоқу.

«ҚЫЗДАРЫМЫЗҒА ӘСЕМДІКТІ ҮЙРЕТУДЕМІН»

Қолөнер – біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз. Ол бірнеше ғылымдардың дамуынан,тоғысуынан пайда болған өнер туындысы. Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі қарай дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту – игілікті іс.

Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндігі жоғары. Өйткені ұрпақ тәрбиесіне, санасына әсер етіп, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдары. Қазіргі кезде қолөнер қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Осының айғағы ретінде екі бірдей қолөнер шеберімен тілдесуді жөн көрдік. Екеуінің де жеткіншек кезінен ине мен жіпке деген қызығушылығы оянған.

Олар аналары мен әжелерінен көрген құрақтың түрлері мен көркі көз тартып, өзіне баурап алғанын айтады. Құрақ жалпы әйел баласының ісмерлігін ғана емес, шыдамдылығын да шыңдайтын өнер. Құрақтың тарихы тереңде жатыр. Тәрбиелілік мәні зор. Құрақ аты аталып тұрғандай түрлі мата қиындыларынан ысырап жасамай, құрау арқылы жасалады. Үйдің сәнін келтіріп қана қоймай тіл-көзден сақтайды. Көздің жауын алатын түрлі-түсті құраққа деген құмарлық екі ісмер келіншектің де өз кәсібін бастауға түрткі болады. Олар қолөнер арқылы адалынан нанын тауып, отбасын асырап, «Қолыңнан келсе іске» деп ине-жіпке, қайшыға қаймықпай сүйіспеншілікпен сүйеніп отырған жандар.

Өмірлік ұстанымы: адал болу, окушыларға әділетті баға беру, жастарды жаңалыққа жетелеу.