«ЕҢБЕК АДАМЫ». «ТЫНЫМСЫЗ ЕҢБЕК, ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕНІС»

Мамандыққа деген адалдық тек өз ісін шынайы сүйетін жандардың бойында болатыны хақ. Жауапкершілік, таза ниет, еңбекқорлық — осыншама бағалы қасиеттерді өз бойына жинаған бүгінгі кейіпкеріміз — Жүсіпов Айбек Абдуллаұлы. Түркістан облысы Сауран ауданында Әлеуметтік көмек көрсету орталығында дәрігер реабелитолог маманы болып еңбек етіп келеді. Бұл орталықта аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен зейнеткерлерге арнайы медициналық көмек көрсетіп ғана қоймай, мүгедек жандарға демеу болуға тырысады. Орталық соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жабдықталған. Кейіпкеріміздің айтуынша орталыққа әр түрлі дәрежеде қимыл қозғалыстары шектелген науқастар келеді. Осыған байланысты емдік массаж шаралары және дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Орталықта он бестен аса қызметкер жұмыс жасайды. Айбек өз әріптестерінің арасында тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары мамандардың бірі. Бұл осы орталыққа келіп, ем қабылдайтындардың пікірі. Расында да кейіпкеріміздің де басты ұстанымы мамандығына зор жауапкершілікпен қарап, тынымсыз еңбек етіп, елдің алғысын алу. Реабилитолог-ауыр физикалық немесе психоэмоционалды жағдайы бар науқастарды қалпына келтіруге және «толық өмірге» оралуға көмектесетін дәрігер. Бұл мамандық үш мамандықтың тоғысында орналасқан: медицина, педагогика және психология. Реабилитолог қалпына келтіру әдістерін әзірлеумен айналысады және оларды пациенттермен жұмыс барысында жүзеге асырады. Реабилитологтың негізгі міндеті-жарақат немесе ауру салдарынан бұзылған дене функцияларын мүмкіндігінше толық қалпына келтіру.
«Балалармен жұмыс жасағанда оларға тек физикалық жағынан ем көрсетіп қана емес олардың психологиясымен де жұмыс жасаймыз»- дейді мейірбан дәрігер. Расында орталықта әр бір баламен индивидуалды түрде тиісті маман айналысады. Оларды тек жаттықтырып қана қоймай, сөйлесіп көңілін аулап барынша сергітуге тырысады.
Айбек Абдуллаұлы медицина саласында 2009-шы жылдан бері қызмет атқарып, тәжірибе жинап келеді. Өзінің еңбек жолында аймақтық дәрігер, эндокринолог, реаниматолог, жедел-жәрдем қызметінде еңбек еткен. Ол «медицина саласы жанжақтылықты талап етеді, қазіргі қызметіме үлкен тәжірибе мен маңдай тердің арқасында келдім» — дейді. Білікті дәрігеріміздің тіпті қазақ тілінде жазылған «Емдік массаж және мануальды терапия» атты кітабы да жарық көрген. Маман салаға келгісі келетін жастарға «теориядан бөлек практикаға көп көңіл бөлген жөн» деген кеңес береді.
«Дәрігерлік қызметін сапалы атқаруды» мақсат етіп қойған кейіпкеріміз «дәрәгер болмағанда кім болатынымды білмеймін,бірақ ер адам болғасын қандай сала болсада аянбай еңбек ету керек» дейді.
Қазіргі реабилитология белсенді дамып келеді және қазірдің өзінде көптеген бағыттар, әдістер мен тұжырымдамалар бар, олардың әрқайсысының өзіндік принциптері, мақсаттары мен артықшылықтары бар.Әрине, жақсы оңалту дәрігері бірден бірнеше техниканы меңгеруі керек, массаж жасау дағдыларына ие болуы керек және оның басшылығымен пациентті емдеу және қалпына келтіру оңай және тиімді болуы үшін әрқашан аздап психолог болуы керек. Мамандыққа деген адалдық тек өз ісін шынайы сүйетін жандардың бойында болатыны хақ. Жауапкершілік, таза ниет, еңбекқорлық — осыншама бағалы қасиеттерді өз бойына жинаған бүгінгі кейіпкеріміз — Жүсіпов Айбек Абдуллаұлы. Түркістан облысы Сауран ауданында Әлеуметтік көмек көрсету орталығында дәрігер реабелитолог маманы болып еңбек етіп келеді. Бұл орталықта аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен зейнеткерлерге арнайы медициналық көмек көрсетіп ғана қоймай, мүгедек жандарға демеу болуға тырысады. Орталық соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жабдықталған. Кейіпкеріміздің айтуынша орталыққа әр түрлі дәрежеде қимыл қозғалыстары шектелген науқастар келеді. Осыған байланысты емдік массаж шаралары және дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Орталықта он бестен аса қызметкер жұмыс жасайды. Айбек өз әріптестерінің арасында тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары мамандардың бірі. Бұл осы орталыққа келіп, ем қабылдайтындардың пікірі. Расында да кейіпкеріміздің де басты ұстанымы мамандығына зор жауапкершілікпен қарап, тынымсыз еңбек етіп, елдің алғысын алу. Реабилитолог-ауыр физикалық немесе психоэмоционалды жағдайы бар науқастарды қалпына келтіруге және «толық өмірге» оралуға көмектесетін дәрігер. Бұл мамандық үш мамандықтың тоғысында орналасқан: медицина, педагогика және психология. Реабилитолог қалпына келтіру әдістерін әзірлеумен айналысады және оларды пациенттермен жұмыс барысында жүзеге асырады. Реабилитологтың негізгі міндеті-жарақат немесе ауру салдарынан бұзылған дене функцияларын мүмкіндігінше толық қалпына келтіру.
«Балалармен жұмыс жасағанда оларға тек физикалық жағынан ем көрсетіп қана емес олардың психологиясымен де жұмыс жасаймыз»- дейді мейірбан дәрігер. Расында орталықта әр бір баламен индивидуалды түрде тиісті маман айналысады. Оларды тек жаттықтырып қана қоймай, сөйлесіп көңілін аулап барынша сергітуге тырысады.
Айбек Абдуллаұлы медицина саласында 2009-шы жылдан бері қызмет атқарып, тәжірибе жинап келеді. Өзінің еңбек жолында аймақтық дәрігер, эндокринолог, реаниматолог, жедел-жәрдем қызметінде еңбек еткен. Ол «медицина саласы жанжақтылықты талап етеді, қазіргі қызметіме үлкен тәжірибе мен маңдай тердің арқасында келдім» — дейді. Білікті дәрігеріміздің тіпті қазақ тілінде жазылған «Емдік массаж және мануальды терапия» атты кітабы да жарық көрген. Маман салаға келгісі келетін жастарға «теориядан бөлек практикаға көп көңіл бөлген жөн» деген кеңес береді.
«Дәрігерлік қызметін сапалы атқаруды» мақсат етіп қойған кейіпкеріміз «дәрәгер болмағанда кім болатынымды білмеймін,бірақ ер адам болғасын қандай сала болсада аянбай еңбек ету керек» дейді.
Қазіргі реабилитология белсенді дамып келеді және қазірдің өзінде көптеген бағыттар, әдістер мен тұжырымдамалар бар, олардың әрқайсысының өзіндік принциптері, мақсаттары мен артықшылықтары бар.Әрине, жақсы оңалту дәрігері бірден бірнеше техниканы меңгеруі керек, массаж жасау дағдыларына ие болуы керек және оның басшылығымен пациентті емдеу және қалпына келтіру оңай және тиімді болуы үшін әрқашан аздап психолог болуы керек.