«ЕҢБЕК АДАМЫ». ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ ЖАУЫНГЕРІ


Соңғы кездері елімізде тілсіз жаудың салдарынан болатын төтенше жағдайлар жиілеп кетті. Әсіресе тұрғын үйлер мен көпқабатты ғимараттардан шығатын өрт оқиғалары да аз емес. Мұндайда әрине алдымен құтқарушылар мен өрт сөндірушілер көмекке келетіні түсінікті. Сондықтан болар осы мамандық иелеріне деген халықтың құрметі ерекше артып келеді. Солай болуы да тиіс еді. Себебі өзгенің өмірі үшін өз өмірін тәуекелге тігіп, ерлік жасауға дайын тұратын азаматтар екені тілсіз жауды ауыздықтағандардан аңғаруға болады. Мұндай қызметкерлер әлі де бар. «Жаман айтпай жақсы жоқ» немесе «Апат айтып келмейді» деген. Егер төтенше жағдай бола қалған жағдайда қауіпті қадамға барып, өзіне жүктелген міндетті орындауға әзір тұрады олар. Сондай жандардың бірі – Бектұр Нұрбек Нұржанұлы
Ол бүгінде ҚР ТЖМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Сауран ауданы нөмірі 24ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарады.
Кейіпкеріміз Нұрбек 2017-ші жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп төрт жылдық білім алады. 2021 жылы Ақмола облысы Қорғалжың ауданында өрт сөндіруші қызметін атқарған. Бойында жігіттік рухы басым, өзіне артылған сенімді сезіне білетін Нұрбек жаста болса әскереи өмірге деген қызығушылығы арта түсіп, қиындыққа төзімділік танытып, шыдамдылыққа бейімделе білген. Қызмет барысында қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, өзінің тәжірбиесін арттырып, бөлімнің қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысып, қызметтегі әріптестеріне үйрете жүріп жігерлендіріп, алға ұмтылады.
— Неге осы саланы таңдадыңыз деген сұраққса жас маман «Бала кездегі арманым әскери адам болу еді, кейіннен осы мамандық туралы зерттеп қызыға бастадым, өрт сөндірушінің батырмен пара-пар екендігі қатты әсер етті» деп жауап берді. Білгенінен әлі үйренері көп жас сала маманы «жұмыс барысында нағыз өртсөндіруші батыл әрі жылдам шешім қабылдай білуі керек және күмекке ойланбастан ұмтылуы қажет» дейді
Қоғам құрметпен қарауға тиіс құтқарушылардың мәртебесі жоғарыласа деген ой салтанат құра бастады. Мұндай көзқарас жалпы еңбек адамының мәртебесін елге елеулі етпек. Бұл тұрғыда қоғамның ойын дөп басқан мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Әсіресе ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет. Олар еліміздегі ең сыйлы азаматтарға айналуы керек. Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана, қоғамымыз шынымен жаңарды деп айта аламыз» деген болатын жақында өткен салтанатты ұлықтау шарасында. Расында солай етсек ғана ел жаңарады, адал қызмет еткен жандар абыройға бөленеді.