«Еңбек адамы» Табанды кәсіпкер құс бағушы
Құс шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқында дамып келе жатқан саласы. Өнімгің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауына мүмкіндік береді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз 2022 жылдан бері басталған құс шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Басталғанына 1 жыл ғана уақыт болса да көп сұранысқа ие дейді кәсіпкер.
. Кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.
Сауран ауданының жергілікті тұрғыны кәсіпкер Сапарбек бұл салаға енді ғана бас сұқса да, нарықта сұранысқа ие. Кейіпкеріміз басында өте қиын болғанын бүкпесіз айтты. Тіпті құстардың 50 пайызынан айрылып қалған. «Кез келген кәсіпті бастағанда қиындығы болу керек, сонда ғана табысқа жетуге болады. Қазір сіздер көріп тұрғандай бәрі жайқалып кете салмады, бұл үшін үлкен еңбек пен сабыр керек» дейді кәсіпкер.
Құстардың әртүрлі түрлерінен будандастыру арқылы жаңа өзгеріс енгізіп отыр. Қазіргі ең көп франциялық құстарға будандастыру жасайды екен. Жаңа құс түрі «гибрид» деп аталады. Құс шарушылығында құстың еті мен жұмыртқасыны пайда табады. Құстың етін жақсылап баптап, қыс айларында сатылымға шығарса, жұмыртқаларын екі апта сайын сатылымға шығарып отырады екен. Кәсіптің көзін тапқан кәсіпкер құс баптаудың әдіс- тәсілдерімен бөлісті. Негізгі құстың шаруашылығынан құсты баптай отырып, оңай табысқа қол жеткізу құпияларымен де бөлісті. Тіпті сату бойынша кәсіпкеріміз таргет арқылы онлайн рекламаға шығартады, солай клиенттер өздері іздеп келетін көрінеді. Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды. Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.
Бұл кәсіпті бастапқыда өз қаражатына бастаған кәсіпкер еңбектің ақталғанын айтады. Үнемі даму үстінде, шет аймақтардағы өзі сияқты шағын кәсіп иелерімен тағыз байланыста. «Біз бір бірімізбен ақпаракт алмасып отырамыз» дейді кәсіпкер. Құс шаруашылығының өзіне тән қиындықтары мен табысы турады айтып берген бүгінгі кейіпкеріміз алдағы уақытта бұл иелікті үлкейтетінін айтады.