«Еңбек адамы» тәтті пісіріп үлкен табысқа шығып отыр


Торт уйлену тойларында, туған күндерде және басқа да салтанатты іс шараларда қойылатын дәстүрлі мерекелік тағам.Алғашқы торттарды адамдар бидайды өңдеп,үйренген кезде пайда болды.Аспазшылар қантты қолдана бастаған кезде, торттар кеңінен таралды. Үндістанда алғаш рет өндірілген қамыс қант араб еліне таралып, қиыр шығыстан әкелінген дәмдеуіштер мен қос иісті дәмдеуіштер шебер араластырылды. Барлық шараларда кездесетін торттарды жасаудың өз қиыншылықтары бар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз тортты үш жылдан бері жасап, қазір үлкен табысқа шығып отырғанын айтады. Играгимова Нигора төрт баланың анасы әрі кәсіпкер. Әйел адамы болған соң, торт яғни кондитерлік іспен айналысуды жөн көрген. Өзінің де тәттілер пісіруге деген қызығушылығы болғанын айтады.
Кәсіпті бастау үшін көп тер төккен Нигора ханым қазір еңбегінің жемісін жеп отыр. Бұл кәсіпті нақты 2020- жылы қолға алған. Бизнес басында торт пісіру үшін құрал-жабдықтары болмаған.Ал 2022 жылы «Бастау бизнес» жобасы бойынша грант ұтып алған. Соның нәтижесінде барлық құрал-жабдықтармен бірге тоңазытқыш сияқты керек заттардың бәрімен қамтамасыз еткен. Қазіргі таңда тойларға,мерекелік жиындарға тапсырыстар көптеп түседі екен.
3 жылдың ішінде 2 рет мастер клас өткізген кейіпкерімізге басында әрине қобалжулар мен қорқыныштар болған. Алайда екіншісі жоғарғы деңгейде өткен. Бірінші мастер класта 10 шақты адам болғанмен, екінші местер класта қаланың түкпір-түкпірінен қыз- келіншектер іздеп келген. Қазіргі таңда солардың ішінен өз бизнестерін бастап жатқандары да бар. Бірінші мастер класта печенье, торт, кекс, орама (рулет), вафли, сияқты кондитерлік заттар пісірген. Ал екінші мастер класта сникерс торты, сүтті қыз торты және шоколодты құлпынай қосып әзірлеген. Кәсіпкер қазір хит болып жатқан шоколадты құлпынай әзірлеудің өте қарапайым жолдарын айтты. Бірақ құлпынай мен шоколад таңдауда аса сапасына аса мән беру керек екенін ескертті.
Нигора Ибрагимова үш жылда екі рет мастер клас өткізіп, бірінші топта 11 адамға саюбақ, екінші топта 15 адамға мастер клас үйреткен. Өзінің тортты қалай жасайтынын және оның қыр сырлары туралы бізге де баяндады. «Мен қазіргі таңда уйде отырған аналарға өзімді мотивация ретінде көрсете аламын деп ойлаймын. Мысалы мен торт саласына келместен алдын үйде отырып, торт жасауға бірден қызығушылығым оянып,пісіруді бастап кеттім. Әрине, оның да өз қиыншылықтары болды. Басында материалдық қиындықтарға тап болдым, одан бөлек тұтынушылармен де тіл табысу қиын болды. Бірақ сол жолға түскенде өзімнің ата-енем және жолдасым жол көрсетіп, көмектерін берді» — деп жан толқынысын жеткізді кейіпкеріміз Нигора ханым.
Ең қызығы кәсіпкердің көмекшілері жоқ, ол бар білгенін 13 жасар қызына үйретеді екен. Тіпті қазір торт беттерін әрлеуді қызы толық меңгеріп алған. Адамдарға кәсіп бастау үшін арнайы білімнің қажет емес екендігін, қалаған мақсатқа қарай әрекет жасау керектігін айтады.