«ЕҢБЕК АДАМЫ». ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛЫ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ШӘКІРТ
Мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иелері, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Солардың бірі Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйінің директоры, «Джентельмендер» драма үйірмесінің жетекшісі Шарапов Хуршид Бахтиярұлы.
Kейіпкеріміз 1988 жылы Түркістан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келді. Ол мәдениет саласында 2012 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Айта кетерлігі, Хуршид Шарапов мәдениет саласына ұстазы Улуғбек Ташханов арқылы келген. Бала кезінен шәкірті ұстазының жүрген жолынaн үлгі алып осынау жауапкершілігі мол маман иесі болуды аңсаған. Улуғбек ағаның айтуынша, кішкентайынан жайдарманға қызыққан кейіпкеріміз 2004 жылы ауыл жастарының арасында жайдарман клубын ашты. Марқұм ұстазы есіне түскен кейіпкеріміз сұқбат барысында көзіне жас алды.
«Отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамын. Құрметті әріптестер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерге сарқылмайтын шабыт пен өнер жолында жаңа табыстар тілеймін», -дейді Хуршид Бахтиярұлы.
2010 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 2012 жылы 1 қаңтардан бастап Ескі Иқан ауылдық мәдениет үйіне ұйымдастырушы болып қызметін бастады.
Мәдениет үйінің бүгінгі биігі осында тамшы терін төгіп жүрген қызметкерлерінің арқасы. Ешқайсысын бөліп-жарғым келмейді. Қазір бізде 6 үйірме жұмыс жасайды. Ән, ақындық өнер, көркем сөз үйірмесі жүйелі жұмыс жасайды. Шыны керек кез келген жас өнерлі келеді. Бірақ, олардың сөйлеу мәнерін қалыптастыру, сахнада болсын, кез келген ортада болсын дұрыс сөйлеу алуы аса маңызды. Сондықтан көркем сөз үйірмесіне келушілердің қатары көп. Одан кейін кіші және үлкен топқа арналған драма үйірмесі мен құммен сурет салу үйірмесі бар. Құммен сурет салу үйірмесі аса қажет біз үшін, өйткені бұл үйірмеге келушілердің көбі денсаулығында кінәраты бар балалар. Олар құмға сурет салу арқылы өздерін дамытады. Жалпы біздің жұмыс осы үйірмеден көрінеді, – деді
Өзі бұл салада «тек мамандығын шексіз жақсы көретін жандар жұмыс істейтінін» айтады. Мәдениет саласының майталманы болып үлгерген Хуршид Бахтиярұлы өз сөзінде «Мәдениет саласын таңдағаныма өкінген емеспін, өйкібеймінде» деп мамандығына деген махаббатын білдірді. Аудан және ауыл мәдениетін көтеруге орасан зор үлес қосып, жастарды өнерге баулып жұрген кейіпкерімізге тұрғындар дән риза.