Еңбек адамы Шерип Талғат Мырзаханұлы
Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні.Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін.
Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр бала — жеке тұлға. Біріне – бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі. Сол талантты бала жүрегіндегі ізгілікті шынайылықпен тани білетін қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек? деген өзекті сұрақ өз жауабын күтуде.
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Әрине, ол өз қалауымен таңдай білген мамандығының майталманы болу үшін, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы»— деп ғұлама ақын Ғабу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ғұмырын ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – көп адамға бұйыра бермеген бақыт десем, артық айтқандық емес шығар.
«Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады”, -деген болатын. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.Қазіргі заманауи ұстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанатын, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл мұғалімдердің іс- тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдаланатын, оқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс- тәсілін дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгере алатын нағыз маман болу керек.
Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы мұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өте мықты хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге қабілетті , жан- жақты білімді, үлкен жүректі , оқушыларды жанындай жақсы көре білетін байқампаз да білікті жан болуы керек. Өйткені іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде.
Мұғалім өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілдімеңгеруі –тіл шеберлігі.Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер.Себебі, тіл – тәрбие құралы.Төртінші қыры – байқағыштық сезімі –көрегендігі. Бесінші қыры- әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудыңең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
Жетінші қыры үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.Сегізінші қыры –
үлгі¬өнегесі, мұғалім мәдениеті немесепедагогикалық әдеп–этикасы деуге болар еді.Себебі, мұғалімнің келбеті –сыртқы мәдениеті, қарым¬-қатынасы, өзін¬-өзі басқаруы,бақылауы,сөйлеу мәдениеті,үздіксіз жаңарып, өзгеріп,
үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі деп білемін. Осы жайтты ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады.»-деген сөздер арқылы түсіндіруге болады.
Еңбек адамы- Шерип Талғат Мырзаханұлы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ынтымақ алынында дүниеге келген.2008 жылы Дарынды колледжін аяқтап, сырттай университетте оқыды. 2011 жылдан бастап әлеуметтік педагог қызметін атқарды. 2014 жылы әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығын аяқтады. Еңбек өтілімі 14 жыл, қазіргі таңда әлеуметтік педагог ретінде жұмыс жасайды. Яғни мемлекеттің тапсырмасы аясында ыстық тамақпен қамтиды.
Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық (құпия) үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оңды тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.
Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.
Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттерінің бірі ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады.
«ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ МІНДЕТТЕРІ»
1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
2. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
3. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады.
4. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды.
5. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
6. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.
7. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады.
8. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды.
9. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
10. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.
«БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ БАСТЫ МІНДЕТ»
• Оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік- педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
• тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, отбасының, микроортасының психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу;
• оқушымен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның, мектептің арасындағы келістіруші міндетін атқарады;
• аз қамтылған отбасы балаларының үйірмелермен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау;
• мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың есебін үнемі жүргізіп отыру;
• мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, күн көріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан балалармен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасы балаларының уақытылы әлеуметтік көмек алуын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін және жазғы қала сыртындағы лагерьлермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.
— Балалардың құқық бұзушылығының,қараусыздығының және бақылаусыздығының алдын алу, әлеуметтік
бұзушылықтардың алдын алу (девиантты мінез-құлық, зиян әдеттер,балаларға қатысты қатыгездік,суицидтік мінез-
құлық, діни экстремизм және т.б);
— Азаматтық жауапкершілікке, құқықтық сана- сезімге және ішкі адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеу;
«қауіпті топтағы» және мектепшілік және ЮПТ есебінде тұрған оқушылармен жеке жұмыс;
-Қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж, мүмкіншіліктері шектеулі, девиантты мінез-құлықты, сондай-ақ төтенше
жағдайға ұшыраған білім алушыларға көмек көрсетуде педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен(оларды
алмастыратын заңды тұлғалармен), әлеуметтік қызмет, отбасылық және жұмыспен қамту орталығы мамандарымен,
қайырымдылық ұйымдарымен бірлесе әрекет ету;
• Аз қамтылған отбасы және көп балалы отбасы балаларына, қамқорлықтағы оқушыларға, төтенше жағдайлардың әсерінен мұқтаж көрген отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсету;
Маманның айтуы бойынша әлеуметтік педагог мынандай ережелерді сақтауы тиіс, ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс, зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және системалы жүргізілуі тиіс, зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланыста болуы тиіс, психологиялық-педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы кешенді пайдаланылуы тиіс.
Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге тура келді. Өзім де өзгердім, оқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге қолымнан келгенше ат салысып жүрмін.
Мен– қазіргі заман педагогі ретінде өзім де заманауи әдіс¬тәсілдерден
құралақан болмауым керек деп санаймын. Қазіргі мектепке қойылатын талапты ғана біліп қоймай, түсінуім де қажет, қолдануым да,үйретуім де керек. Заман ағымынан қалып кетпеу үшін, көшбасшылық міндетті лайықты орындау үшін кәсіби білімімді үнемі шыңдап отыру қажеттілігінтүсінемін.