«ЕҢБЕК АДАМЫ». «ШӘКІРТЕРІМЕ ҚАРАП ШАБЫТТАНАМ…»


Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол — өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты.
Кейіпкеріміз Гүлнәр Өтепбергенова Әзімханқызы Түркістан облысы Ораңғай ауылының тумасы. Шымкент педагогикалық институтында «Мәдени жұмыстары» факультетін бітірген. Одан кейінгі жылдары Түркістан қаласында Мәдениет үйінде «Яссы» фольклорлық ансамбльінде сүйемелдеуші қызметін атқарған. Қазақтың музыкалық аспаптары өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі халқымыздың бітім-болмысы, тыныс-тіршілігі мен шежіре-тарихын айқындайтын бірегей мәдени мұрасы. Музыкалық аспаптар халықтың тұрмыс-тіршілігінен, салт-санасынан, әдет-ғұрпынан да хабар береді. Халқымыздың дәстүрлі музыкалық аспатарын саралағанда ең әуелі олардың дыбыстық ерекшелігі мен жасалу заты басты назарға алынады. Әрбір аспаптың дыбыстық ерекшелігі олардың белгілі бір ортадағы қызметі мен қолданысының өлшемі болса, жасалу заты сол аспап атауының айқындауышы болып саналады. Қазіргі таңда Ораңғай ауылында клубта жұмыс жасайды және музыкалық жетекші. Сонымен қатар үйірмеде домбыра тартудан сабақ береді. Өзінің артынан ерген 40-ға жуық шәкірті бар.
Мәдениет саласында қызмет етіп келе жатқанына биыл 35 жыл толып отыр екен. Оның айтуынша кішкентай кезінде әкесі тігінші болғанын қалаған, бірақ кейіпкеріміз арман жолын қуып мәдениет саласын таңдаған екен.
Өнерге келетін жас буынға «өнерді жүрегімен сезіну керек» деген ақылын айтты.
Мәдениет саласында қызмет ету – өткенге берілгендік қана емес, дамуға деген ұмтылыс. Заман өзгеруде, онымен бірге мәдениет саласына қойылатын талаптар да өзгеруде. Осыдан үш онжылдық бұрын мәдениет әлеміне қиын да қызықты саяхат басталды. Көптеген көршілер дәстүрлі жолмен жүрсе, кейіпкеріміз өзін өнерге арнауды шешкен. Бұл оның өмір жолын айқындаған батыл таңдау болды. Бұл 35 жыл қызмет мерзімі ғана емес, шеберлікке апарар жол. Көркем еңбекте, мәдени шараларды ұйымдастыруда, жаңа ұрпақты оқытуда шығармашылық көзқарас, әсемдікті егжей-тегжейлі көре білу барлық жерде байқалады. Тоқтаусыз еңбек ектіп келе жатқан кейіпкеріміздің қызметі қоғамның мәдени капиталының қалыптасуына ықпал етіп келеді.