ЕҢБЕК АДАМЫ: Салаева Дилафруз Сатдинқызы

Педагог – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп педагогтан өз өмірін оқу – тәрбие ісіне арналған шығармашылықты талап етеді Қоғамдағы педагогтің сыртқы келбет мәдениеті, өзін – өзі басқару шеберлігі, педагогтің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Педагог – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп педагогтан өз өмірін оқу – тәрбие ісіне арналған шығармашылықты талап етеді

Қоғамдағы педагогтің сыртқы келбет мәдениеті, өзін – өзі басқару шеберлігі, педагогтің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.

Педагогке қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Киім киісі, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Педагогтің әлеуметтік беделін көтеруді оның сабырлығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.

Білімді педагогтің сөйлеу техникасы мен адамды түсіне білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр – сырын анықтап, мүмкіншіліктерімен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән.

2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Бұл Заң ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген. Мұғалімнің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталған Заңның қабылдануының өзіндік мақсат міндеті бар. «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының мақсаты- педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтерге серпіліс әкелді. Педагогтердің құқы арнайы заңмен қорғалатын болды деген ақпарат педагогтардың қоғам алдындағы еңсесін бір көтеріп тастағаны анық. Ал заңда көрсетілген педгогтың құқығы «Білім туралы заңда», «Еңбек кодексінде», т.б. заңдарда да бұрыннан бар болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заң да осы заңдар қатарында жатып қалмауы үшін педагог өз құқығын заңмен қорғай білуі маңызды.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

«Бір әріп үйреткен ұстазыңа, қырық жыл тағзым ет» деген нақыл сөздің өзі де, қай қоғамда болмасын мұғалім мәртебесінің қаншалықты зор екендігі-нің айқын дәлелі. Себебі, мұғалім — бұл біздің елімізде де, бүкіл әлемде де бүкіл білім беру жүйесінің басты тұлғасы.

Мұғалім шын мәнінде, адамзат өркениетінде ерекше рөл атқарып кел-ген және атқарады да. Ғылым әлемі сол кездің өзінде-ақ, Әбу Насыр әл-Фарабидің талантын, еңбегін жоғары бағалап, оны ежелгі дәуірдің әйгілі ойшылы Аристотельден кейінгі «Шығыстың екінші ұстазы» деп атады.Осыдан ұстаз мамандығының ең қастерлі екендігіне, ықылым заманнан бері ұстаз-дықтың шоқтығы биік тұрғандығына көз жеткізуге болады.

Біздің басты байлығымыз — адам, ал ұлы Абай айтқандай: «Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады». Мұғалім өзінің өмір бойы жинақ-таған білім мен біліктерді, дүниетаным, ойлау тәсілдері, ұлттың жаны, адами құндылықтарды жинақтап келешек ұрпаққа сіңіретін тұлға. Мұғалімнің мәртебесін көтермей, оны құрметтемей, оның қиын да асыл жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз етпей, біз маңызды мақсаттарға жете алмаймыз. Сол себепті жаңашыл мұғалім қалыптастыру жолында педагог мәртебесін мейлінше көтеру құптарлық іс.

Қазіргі таңда мұғалімнің елдің болашағын көркейтуде маңызды тұлға екендігін жалпы қоғам мойындап отыр. Ендеше, әлемде мыңға тарта мамандық болса да, білім мен тәрбиені дәл ұстаздай бере алмайтыны анық.

Кейінгі жылдары мұғалімдердің қоғамдағы орнын айқындау мен беделін көтеруде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғаннан кейін мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде. Оның дәлелі, өткен жылы көктемде елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, барлық білім алушылар онлайн оқыды. Бұл жағдай да еліміздегі ұстаздар қауымының қадірінің арта түсуіне себепші болғандай. Баласын қашықтықтан үйде оқытып, әбігерге түскен әрбір ата-ана жағдайдың тезірек оңалып, балалардың ұстаз алдына барып оқуын қалайтынына талай куә болдық. Дегенмен, мұғалімнің қазіргі жағдайы бұрынғыдан көп жақсарды. Олар: мұғалімдердің жалақысының көтерілуі, аз да болса, қағазбастылықтың азаюы. Ұстаздар қауымына қатысты айтылып жүрген мәселелердің шешім тапқаны көңілге медет.

Кейіпкер Салаева Дилафруз Сатдинқызы. Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тумасы. Сабыр Рахимов атындағы жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді, еңбек өтілі 15 жыл. 1985 ж туған. Иқан атындағы жалпы орта мектепте білім алған, 2002 жылы окуға түскен, ЖОО-ды тәмәмдағаннан кейін 2008 жылы Ескі Иқан негізгі орта мектебіне жұмысқа тұрған, одан кейін жаңа мектепке (№25, 2023 жылдан бері Сабыр Рахимов) атындағы жалпы білім беретін мектепке орналасқан.

Жас кезінен бастап мұғалімдік саласына қызығып, ағай-апайларынан үлгі алып, өз қалауымен келген. Өмірлік ұстазы ретінде әкесінің туған ағасын көреді екен. Ол кісі педагогика саласында жүрген, білікті маман болған. I

Кейіпкер:

Нағыз ұстаз бойында адалдық, адамгершілік сынды құнды қасиеттер болуы керек, көпшілік ортада өзін ұстай білу, сабақты түрлі тәсілдермен өту шеберлігі, мейірімділік, табандылық болуы тиіс деп ойлайды.

Жетістіктері мұғалімер арасында өткен аудандық олимпиядада 2-орынды алған. Шәкірттері өткен жылы (2022) Ақберен олимпиядасында 2-орынды иеленген. Осы жылы (2023) Маханбет оқулары байқауының аудандық кезеніне қатысып, облыска жолдама алған.

Сөз соңында айтарым, қоғамдағы ұстаз беделі заңға ғана байланысты көтерілмейді. Мұғалімнің негізгі міндеті, ең құнды әрі маңызды мәселе – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Ұстаз мәртебесін көтеретін – сол ұстаздың өзі. Қазіргі қоғамда кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын, заман талабына сай, құзіретті, жаңалыққа жақын жаңашыл ұстаз ғана қоғамда жоғары мәртебеге ие болып, беделі артатындығын өмір өзі дәлелдеп отыр.