«ЕҢБЕК АДАМЫ». «ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМДЫ ӨЗГЕРТКЕН — ӨНЕР ЖОЛЫ»
Төлемесов Нұрсұлтан 1996 жылы дүниеге келген. 2013 жылы мектепті тәтәмдап, 2014 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсті. 2019 жылы Бакалавр оқуын бітіріп, ауылға мектепке жұмысқа орналасқан. Кейіннен 2021 жылы Сауран ауданы ашылып, мәдениет үйіне жұмысқа шақырту алған. Ең алғаш мәдениет саласына мәдени ұйымдастырушы болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда сценарист қызметін атқарады. Кейіпкеріміз кейде домбырамен де ән шырқап тұрады екен. Өнер жолын таңдауға нағашыларының ықпалы зор екенінде айтады.
Төлемесов Нұрсұлтан ең алғаш мәдениет саласына келгені үшін өкінгенін жасырмады. Көптеген байқауларда бақ сынап көрген, алайда ешқандай нәтиже бермеген көрінеді. Тіпті өз еркімен жұмыстан кетуді де ойластырған. Сол уақыттарда аудандық байқаудан жүлделі орынмен келген кейіпкеріміздің қазіргі саласына деген қызығушылығы арта түскен.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар. Ал кейіпкеріміз мәдениет өнер саласын таңдаған. Қазір мәдени шараларды ұйымдастырып және сценари жазумен айналысады.
– Бүгіндері киноның көркемдік сапасының түсіп кетуінің себебі неде деп ойлайсыз деген сұраққа кейіпкер
– «Қазір капитализм заманы. Адамға ақша қажет. Сондықтан болар, ірі киностудиялар коммерциялық бағыттағы кинолар түсірумен әуестеніп кетті. Оның кесірі сапаның төмендеуіне алып келді. Қазір қазақ классикалық киноларын қатты сағынамын. Оған теледидардың тұтқасын ұстап отырғандар да кінәлі. Себебі, көрсететіндері арсыз күлкі, арзан шоу. Ал жақсы режиссерлер қалтасында қаржысы бар демеушілерге тәуелді болып қалды. Бұл тек өнердің ғана емес, мемлекеттің, мемлекеттік жүйенің қасіреті. Егер киностудияларға сценари жолдап көретін болсаң «Бізге елді күлдіретін, жеңіл туындылар керек», – дейді. Кино мен теледидар – идеологиялық құрал, кино – ұлттың айнасы. Руханият майданында жеңілсек, онда мемлекеттігімізден де, мына Тәуелсіздігімізден айырылып қалуымыз мүмкін. Бүгінгі адамдар кітап оқымайды. Себебі, ойланғысы жоқ. Одан да телехикая көріп, көзінің жасын сүрткенді дұрыс көреді. Адам ойланбаса, ол еріншек бола бастайды. Ал адам ерінсе, оның барлық қасиеті, қабілет-қарымы, күш-қуаты жоғалып, ұлт әлсірей бастайды. Кітап оқитын кісіні көрсем, қуанып қаламын. «Читающая нация» деген ұғым бар. Біз сол деңгейге жете алмай жүрміз. Жетсек, дамимыз. Батыста неге бұрынғыдай ұлы тұлғалар жоқ. Себебі, бәрі ұсақталып кеткен. Жекелеген адамдар бар, бірақ әлуетті топ жоқ. Бәрі бұқаралық сананың кесірі» деп жауап берді.
Артынан келген жас буынға «Қандай жағдай болса да, айтқанынан қайтпай, дегеніне жету керек» деп кеңес етті. Менің өмірімдегі қателікті жас буын қайталамаса екен деп жан сырын ақтарды.
Өнер қайраткері өз қауымының мәдени ландшафтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Оның міндеттері жергілікті қоғамдастықта өнерді дамытуға және танымал етуге бағытталған кең ауқымды іс-шараларды қамтиды. Мәдениет ошағы қызметкерінің жұмысының негізгі аспектілерінің бірі – шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту. Жас өнерпаздардың, музыканттардың, актерлердің шығармашылық өсуіне, тәлімгер, шабыт болуына жағдай жасайды. Көрмелер мен концерттерден бастап шеберлік сабақтары мен театрландырылған қойылымдарға дейін көптеген іс-шараларды ұйымдастыру мәдени ошақ қызметкерінің мойнында. Бұл шаралар көрермендерді қуанышқа бөлеп қана қоймай, қоғамның мәдени астанасының дамуына да септігін тигізеді.
Мәдениет ошағы қызметкерінің жұмысының маңызды бөлігі оқу қызметі болып табылады. Ол курстар, лекциялар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтіп, жаңа дағдыларды меңгеруіне ықпал етеді.Мәдени орталықтың қызметкері әлеуметтік ортаның дамуына өз үлесін қосуда. Ол кездесулер мен қарым-қатынас алаңдарын жасайды, толеранттылық пен мәдениеттер мен өнердің әртүрлілігін құрметтеуге ықпал етеді.Мәдени орталық қызметкерінің өзі де өз қауымына үлгі болуда. Оның өнерге деген адалдығы және мәдени өрлеуге деген ұмтылысы басқаларды өздерін дамытуға және шығармашылықпен көрсетуге шабыттандырады.
Мәдениет ошағы қызметкерінің өнер саласындағы еңбегінің терең әлеуметтік-мәдени мәні бар. Оның күш-жігері зияткерлік және мәдени әртүрлі қоғамдастық құруға, мәдени өсуге және рухани ортаны байытуға бағытталған. Оның қоғамдастықтың мәдени ландшафтын қалыптастырудағы рөлі баға жетпес. Осынау жауапкершілікті арқалап жүрген маман иелері «Еңбек адамы» деген атқа әбден лайық.