«ЕҢБЕК АДАМЫ». «ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ – ӘЛЕУЕТІ МЕН МІНДЕТІ»

Педагог дегенде ең алдымен көзімізге алғашқы әліппе ұстатқан ұстаз, немесе үнемі оқушы мен балаға білгенін үйретіп дұрыс жол көрсететін жан елестейді. Ұстаз расында ұлы тұлға, ғалым да ғарышкерде, құрлысшы да президентте бәрі ұстаз алдынан өткен. Педагогтың баланың зейінін ашып, тұлға болып қалыптасуына қосатын үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Ал «Әлеуметтік көмек көрсету» орталығында қызмет ететін әлеуметтік педагог мамандарының бейнеті мен зейнеті қандай? Аталған орталықтың білікті маманы Бақтыгүл Жалғасбаеваның еңбек жолына үңілдік.
Біздің кейіпкеріміз Бақтыгүл орталықта ем алатын балалармен жұмыс істейді. Мекеменің ашылғанына көп болмаса да орталықтағы мамандардың көмегіне жүгініп, келетіндердің қарасы қалың. Бірнеше қызметкердің ішінен адал еңбек жұмысқа деген жоғары жауапкершіліктің арқасында Бақтыгүл білікті педагог әрі ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен. Ол бұған дейін мектеп балабақшаларда әдіскер, мұғалім болып қызмет атқарған. Информатика пәні мұғалімі және бастауыш білім беру мамандықтарын тәмәмдаған. «Арнайы әлеуметтік маман ретінде еңбек жолым енді басталып жатыр, сонда да бұл қызметтің түпкі мәнін түсініп сапалы нәтижелі жұмыс жасауға тырысып жүрмін» дейді кейәпкеріміз. Қарапайым баламен жұмыс жасағаннан «ерекше туылған» балалармен жұмыс жасаған қиын болса да тілін тауып баланың ойы мен санасы дамыса екен деген ұстаныммен жұмыс жасап жүр. Орталыққа келуші балаларды жас ерекшеліктеріне және мүгедектік деңгейіне байланысты топқа бөліп немесе жеке айналысады. Кейіпкерімізбен қоса орталық қызметкерлері балалармен жылы әрі тығыз қарым-қатынас жасайды. Балалардың сезімталдығы мен қабілеттілігін арттыру мақсатында түрлі бұйымдар жасатып, сурет салдыртып, ойындар ойнатады. Орталыққа келген бала бар уақытын қызық әрі пайдалы өткізеді.
Әлеуметтік педагог — жоғары кәсіби білімі бар, барлық балаларға қамқорлық мейірім мен сүйіспеншілік сыйлай алатын, әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиелеуші, заңдық құқығын қорғаушы. Әлеуметтік педагог — сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, ұйымдастырушы. Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді. Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп сараптайды және өңдейді. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.
Әлеуметтік педагогтың міндеттері, баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету. Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету. Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу. Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау
Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізеді. Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.
Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын ,шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді. Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды. Патрионат бойынша тұрғын үй ,зейнетақыберу,жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік педагог жұмысындағы жасөспірімдермен жұмысының өзіндік ерекшелігі бар, олардың іс-әрекет мөселелерін нақтылауда оқушының оқу -төрбие мәселесіне ден қояды, жасөспірімдөрдің өмірсүйгіштік, оптимистік, отансүйгіштік бағытта бола білу, әртүрлі сәтсіздіктердің алдын ала білу қасиеттерін қалыптастыруға ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізеді.