«ЕҢБЕК АДАМЫ». ДҮЙІМ ЖҰРТ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ ДЕП МОЙЫНДАҒАН ЕРАЛЫ ДҮЙСЕНБЕКОВ
Мәдениет саласында 32 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан Ералы Дүйсенбеков 2006 жылдан бастап Түркістан қаласы мәдениет үйінде клуб менгерушусі болып жұмыс жасайды. 2010 жылы мәдениет майталманы мадальімен марапатталса, 2019 жылы ерен еңбек мадальімен марапатталған. Кейіпкеріміз мәдениет саласында жұмысын 1991-ші жылы Түркістан қаласында бастаған. Ералы Дүйсенбеков қазір халықтың мәдениетке, өнерге деген көзқарасы мен қарым қатынасының жоғары екенін айтады.
«Өз талантын халыққа, елге көрсетсем екен деп бізге келетін жастар көп»- дейді. Және Ералы мырзаның айтуынша бойындағы дарыны ұйымдастыру қабілеті. «Өзімнің көзге түскен жерімде осы-ұйымдастыру қабілетім» деп баса айтты. Қыздарының бірі мәдениет саласында меңгеруші болып қызмет атқарған, қазір Сауран ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры. Сөз соңында өзінің алғысын білдіріп, жақсы күндерде кездесейік деп ниетін білдірді
Елімізде қоғамдағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашатын үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға және молайтуға ерекше мән беріледі. Мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы және мәдениет үйлерінің, қалалық және селолық клубтардың қызметкерлері еңбегінің арқасында мәдениетпен өнер жоғары бағаланады. Өркениеттіліктің әлемдік озық үлгілеріне ілесу мен ұлттық мәдениетті замана талаптарына сай жаңғырту қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар жүйесіне, оның ішінде мәдениеттану саласына да келелі міндеттер жүктейді. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан үшін бұл міндеттер төмендегіше сипатталды: ұзақ уақыт бойы бодандықтың құрсауында болған республикадағы тұрғылықты халық – қазақтардың дәстүрлі этномәдениетінің басты архетипін анықтау. Осыған сәйкес дәстүрлі дүниетанымның, ұлттық сипаттамалары мен ділдік өзгешеліктерінің, рухани салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бітімдік ерекшеліктерін айқындау; замана талаптарымен қатар ішкі-сыртқы ықпалдардың нәтижесіндегі мәдениеттің өзгерістік кезеңдерін сипаттау. Қазақ мәдениетіндегі дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдық арақатынасын талдау; өтпелі қоғам тұсында жаппай батыстық ықпал мен бұқаралық мәдениет тегеурінінің төл мәдениетке әсерін, оның салдарларын анықтау; қазіргі қазақстандық мәдениеттің ерекшеліктері мен қайшылықтарын, оның себеп-салдарларын сараптау; қазақстандық қоғамның мәдени әртекті сипатына орай мемлекеттік мәдени саясаттың таяу және стратегиялық бағдарларын анықтау, оның мәдениеттанымдық негіздерін даярлау; жаңа постиндустриалды ақпараттық қоғамның заңдылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетті дамытудың келешектері мен бағдарларын сараптау. Қашанда жаңаны бастау, бірден іліп әкетіп, оған тез төселіп кету қиын. Дүниетанымдық бағдарлардың алмасып, еліміз өтпелі кезеңнің қызығы мен шыжығын бастан кешіп жатқан тұста оқу орындарында қоғамдық пәндерді жүргізетін қарапайым оқытушылардың айқын бағыттан айырылып, біраз абдырап қалғаны рас
«Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы» деген. Расымен де, өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің мәртебесі қашанда биік. Бүгінде мәдениет қызметкерлері ұлттық өнерімізді дәріптеп, халықты өнерімен сусындатып, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. «Өнер – ұлттың жаны» дейді дана халық. Елдің рухани құндылықтарын әлемге паш етіп жүрген мәдениет пен өнер қызметкерлеріне, ел мерейін асқақтатқан мәдениет саласында «Еңбек адамы» атанып жүрген жандарға айтар алғысымыз шексіз. Солардың бірі әрине кейіпкеріміз – Ералы Дүйсенбеков.