«Еңбек адамы» Баланы дұрыс тәрбиелеу адами парыз


Бала күтуші мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында білім бермейді, емтихан тапсырмайды, алайда, бұл мамандық өте танымал. Бұл жұмысқа қашанда сұраныс пен ұсыныс бар. Баланың әке-шешесі жұмыста болғанда балаға да, үйге де қарайтын — күтуші, баланың күн тәртібіне, денсаулығына, дамуына қарайтын да сол.
Бүгінгі кейіпкеріміз Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы «Тәжіниса ана» балабақшасында бала күтуші Патиллаева Махира. Ол балабақшада тоғыз жылдан аса уақыт қызмет етіп келеді. Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету, өз тобындағы әр-бір баланың қызығуы мен қажетіне ұқыптылық пен қамқорлықпен қарайтын, балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындау. Балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу туралы ата-аналармен жұмыстың барлығын жүргізетін тәрбиешіге қойылатын талап жоғары.
2014 жылдың тікелей 1 қыркүйегінен бастап жұмыс жасап келе жатқан балабақша қызметкерлер саны 28 адам. Оның ішінде меңгеруші әдіскер, шаруашылық меңгерушісі, есепші, медбике, психолог, орыс тілі мұғалімі, тоғыз тәрбиеші, төрт тәрбиеші көмекшілері, екі аспазшы және аула сыпырушы жұмысшы, кір жуушы, үш күзетші жұмыс жасайды. Балабақшада 4 топ бар, әр топта 25 баладан 100 балаға қызмет етеді.
Балабақша көмекшісі — бұл балабақшаның кіші қызметкерлері, бірақ бала бақшасындағы балалармен тәрбиешінің өзі сияқты байланыста болатын күтуші. Әдетте топта бір күтуші және бір тәрбиеші болады. Таңертеңнен бастап тәрбиешінің көмекшісі балаларды ата-анасымен бірге көруге және оларды шешінуге көмектеседі. Содан кейін ас үйде таңғы асты алады, оны топқа әкеледі, табақтарға салады және үстелдерді жинайды. Тамақтанғаннан кейін медбике ыдыс-аяқты жинайды және жуады, олардың дезинфекцияланғандығына көз жеткізеді. Педагог жүргізетін балалармен сабақтан кейін күтуші балаларды серуендеуге жинауға, киіндіруге, олардың қауіпсіздігі мен топ құрған кездегі тәртіпті қадағалауға көмектеседі. Кейде ол серуендеу кезінде болады, бірақ көбінесе тәрбиешінің көмекшісі балалар болмаған кезде топта істейтін істермен айналысады.
Бала күтуші серуендеуден кейін балаларды шешуге көмектеседі, асханадан түскі ас, содан кейін кешкі ас әкеледі, балаларды тамақтандырады, содан кейін мұғалімге ұйықтауға дейін және кейін шешініп, киінуге көмектеседі. Мұғалімнің көмекшісі күніне екі рет топты дымқыл тазалауға міндетті — кіреберісте, топта, жатын бөлмеде және басқа бөлмелерде шаң жуып, еден жуу керек. Бала күтушісі топтағы және алаңдағы ойыншықтарды жинап, серуендеуден кейін жуу керек, топтың қорын ретке келтіріп, істен шыққандығы туралы хабарлауы керек, жиһаз немесе ойыншықтарды ауыстыруы керек. Сондай-ақ, кестеге сәйкес күтуші үй-жайларды желдету және кварцтау жұмыстарын жүргізеді. Карантин кезінде топты дезинфекциялау және санитарлық тазарту режимі әсіресе қатаң сақталады, сондықтан тәрбиешінің көмекшісі барлық санитарлық нормаларды білуі керек.
Балабақша күтушісі Махира ханым «Әр бір баланы өз баламдай жақсы көремін. Өзімнің мейірімімді беремін. Әр бала мен үшін жұлдыз» дейді кейіпкеріміз. «Тәжіниса ана» балабақшасы толық бейне бақылаумен жабдықталған. Бала күтушінің жұмысы өте жауапты. Бұл адам басқалардың балаларына қарап, дамуына, біліміне, күн тәртібіне жауап береді. «Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық әріптестер.
«Білерім — бір тоғыз, білмейтінім — тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсініп жүрмін. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда деп ойлаймын. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда әлі де алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін — зердесі кең, алыстан қарасаң — кербез, жақыннан қарасаң — кішіпейіл. Жүзіне үңілсең — мейірімді, жанына үңілсең — шуақты көрінбек. Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам — адами парызымның орындалғаны деп  ойлаймын» — дейді кейіпкер.