«Еңбек адамы» Бала психологиясының емшісі
Балабақша психологы — тәрбиешінің негізгі маманы. Ол балаларды мектеп жасына дейінгі кезден бастап олар оқуды аяқтағанға дейін бақылайды. Балабақша педагог-психологының міндеттеріне диагностика кіреді. Ол оқу жылына кем дегенде екі рет — басында және соңында өткізіледі. Бұл әр баланың даму динамикасын бақылауға мүмкіндік береді. Қажет болса, диагностиканы оқу жылының ортасында жүргізуге болады. Ол, мысалы, оқуда кемістігі бар балаларға арналған. Диагностика жүргізген кезде педагог-психолог есте сақтау, қабылдау, зейін, ойлау сияқты психикалық процестерге зерттеу әдістерін қолданады. Нәтижелерді мектеп жасына дейінгі балалардың даму нормаларымен салыстыру балалардың дамуының жалпы көрінісін беруге көмектеседі.
Қазіргі заманда адамның тұтыну құралдарының дамуы артқанымен, адам бойындағы асыл қасиеттердің құндылығы азайып келе жатыр. Күн ұзағына пенделік қым-қуат тірлікпен арпалысқан адам бір сәт жабырқау тартқан жанына рухани қуат іздейді. Сол сәтте оның жағдайын түсініп, көмек қолын созатын адам психолог қана. Психологпен әңгімелесу сананы сілкіндіріп, тұнық ойлардың тұма көздерін ашары бүгінгі күні дәлелденген шындық. Тағы бір еске ұстайтын жайт бала тәрбиесіндегі психолог маманының орыны. Бүгінгі баланы еш нәрсемен қызықтыра алмайсын. Техника әлдилеген сәбилер, қазіргі балалар шынайы ойындарға құмар емес. Компьютер мен ұялы телефон балаларымыздың 4-5 жастан бастап сенімді серігіне айналды. Тоқтаусыз тіршілікпен арпалысып жүрген ата-ананың оның тәрбиесіне уақыты да, мұршасы да келе бермесі анық. Ал психолог маман бұл тұрғыда жас өскіннің жетіліп өсуіне, оның көк тіреген дараққа айналуына септігін тигізер бағбан іспеттес.
Саттарханова Умида «Тәжіниса ана» балабақшасында психолог маманы болып қызмет атқарады. Оның айтуынша «балабақша қызметкерлерінің мақалалары, журналдары жарияланып тұрады» дейді. Психологтың айтуынша, балабақша болашақта 200 балаға арналып, жаңа заман талабына сай, заманауи технологиялармен қайта соғылатын көрінеді. Консультация процесінде маманның міндеті — баланың оқуда немесе өзін-өзі ұстауында кездесетін мәселелерді шешу нұсқаларын көрсету. Сонымен қатар, ол ата-аналарға балабақша мен отбасының бірлескен іс-әрекеттері ғана оң нәтиже беретіндігін түсіндіруі керек. Оқушылардың отбасыларымен қарым-қатынас кезінде педагог-психолог ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады. Бұл белгілі бір баланың отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасқа жақсы әсер етеді.
Шынтуайтына келгенде, психолог кез-келген кісінің оқиғасын тыңдап, жан дүниесімен түсініп, қолынан келер көмегін аямайтын тұлға. Өмірден түңілген жан болса, болашақ ғұмырына қызуғушылық отын жағып, тірліктің ақ пен қарадан тұратынын, ары қарай қадам басу керектігін ұғындырып, жарқын жаққа жол сілтейді. Сондықтан, психология – ешқашан өлмейтін, өшпейтін, қайта күн санап мәртебесі арта беретін болашақтың мамандығы деп есептеймін. Өзімнің де осы мамандықты таңдағаныма еш өкінішім жоқ, себебі әр таңды көңілді әуен, жағымды ойлармен қарсы алып, адам баласына тек жақсылық, ізгілік тілеймін.