ЕҢБЕК АДАМЫ: Қалкөз Бақдәулет Сейітханұлы

Кейіпкер Қалкөз Бақдәулет Сейітханұлы 1992 жылы туған. 2010-2013 жж Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде ветеринар-техник мамандығын бітірген. 2013 жылдан бастап Түркістандағы ветеринарлық орталыққа жұмысқа орналасқан. Кішкентай кезінде мал дәрігерлері тапшы болған, өзі ауылдық жерде өскеннен кейін, сиыр,қой дегенерге жақын болған, сондықтан осы салаға келген.

Басында жануарлармен жұмыс істеу, олардың тілін тауып кету, көпшілікпен коммуникация орнату қиынға соққан. Ауылдағы ұстаздары Шораев Жеңіс пен Нагибай Бақыт деген кісілерден яғни сабақ алып тәжірибе жинаған.

Бұл салада жұмыс жасау үшін, адам бойында табандылық, шыдамдылық, төзімділік пен сабырлық болуы керек. Себебі бұл мамандықта келеңсіз оқиғалар көптеп орын алады.

Барлық істе мінез маңызды.

Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Сондықтан, әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.

Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Мәселен, мінезі жақсы ұстаз оқушыға мүлдем дауыс көтеріп ұрыспайды. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.

Кейде адамның өмір сүру стилі, тағдыры, қоғамдағы орны өз мінезіне байланысты сияқты. Мәселен, көптеген психологтар адамның мінез-құлқы оның өмір сүруін анықтап береді дейді. Яғни, мінезі ашық, ақкөңіл адамдар тез достасып, кез келген адамдармен жылдам дос болып кетсе, мінезі тұйық адамдар өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын.

Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» дегендей барлық адамдардың мінезі жақсы бола бермейді. Мінезі жаман адамдарды кекшіл, өзімшіл, қырсық, ашуланшақ ретінде байқауымызға болады. Меніңше, бұл жаман қасиеттер. Сондықтан, әл-Фараби «Мінез-құлық міні — рухани кеселге жатады» деген болатын.

Қорытындылай келе, жақсы мінезді болуға тырысуымыз керек және көркем мінезді адамдардан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын. Өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алады. Сондықтан, Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден» деп айтқан. Әрине, кемшіліксіз адам болмайтыны рас. Меніңше, адамның бойында жаман мінезі болатын болса, оны түзетуге болады деп ойлаймын. Ол туралы Абай «Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді. Яғни, «Мінезді түзетуге болмайды» деген қате пікір. Демек, өз боймыздағы жаман мінездірді жойып, тек жақсы мінездерімізді шыңдап, көркем мінез иесі болуға тырысумыз қажет.

 

Екіншіден, табандылық қажет.

Адамның ұнамды ерік-жігер сапаларының бірі. Табандылық — қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған еріктік қасиет. Табандылық баланы мектепке дейінгі жастан бастап-ақ шамасы жететіндей тапсырмаларды аяғына дейін орындай білуге, өзінің мінез-құлқын алдағы нәтижеге бағындыру, кейде тікелей, сол сәттік ниеттілікке қарама-қарсы әрекет жасауға дайын болып мақсатты нәтижеге жетуге тәрбиелеу негізінде жетіледі. Табандылық қасиеттерін кемелдендіруде, бұл тұрғыдағы тәрбиеде мәнді мақсаттар және тапсырылған іс үшін жауапкершілік пен борыштылықты ұғынудың маңызды мәні бар. Табандылық— көптеген ішкі-сыртқы қиыншылық пен кедергілерге қарамастан алдына қойған мақсатына жетуден көрінетін ерекшелік. Мұндай кісі ылғи да қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда кездесетін небір ауыртпалыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Осындай жағдайда оның ерік-жігері бұрынғыдан да бетер шындала, әкетіле түседі. Бұған екі аяғынан бірдей айырылса да, әскери ұшқыш қызметіне қайта оралған Совет Одағының батыры Алексей Маресьев пен кешегі азамат соғысында екі қолынан айырылған жас қазақ жауынгері Мыңбай Тұрсыновтың өмірі жақсы мысал бола алады. Соңғысы ауруханада жатқанда бақайымен жазу жазды, аузымен қыл қаламды тістеп сурет салды, елге келгесін шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді, совхозда есепші болды. Кейін өз басынан кешкен осы қиыншылықтарын “Өліммен беттескенде” (1965) дейтін кітабында баяндады. Осы мысалда табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай қиын жағдайда да жан аямай тіршілік ете, еңбек етуді ерекше сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Табандылық кісі тандамайды, тілесе кім болсын, айқын мақсаты бар, еңбексүйгіш, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамның бойына даритын қасиет.

Үшіншіден, әрбір істе жауапкершілік маңызды.

Жауапкершілік– адамның белгілі бір іске, тапсырылған міндетке жауапкершілікпен қарап, оны қалай да орындап, жүзеге асырып отыратын адамгершілік қасиеттің көрінісі.

Жауапкершілік біріншіден, адамның міндетті ісін орындап шығу үшін сол жұмыстың мән-жайын жете түсініп, үнемі мезгілінде атқарудың әдіс-тәсілін қарастырады. Екіншіден, орындаған ісінің өзі мен өзгелерге нендей нәтиже беретінін айқын аңғарып, көпшілікке, қауымға тигізетін пайдасын ойластырып, азаматтық борышын орындайды. Үшіншіден, жеке басы мен қоғам алдында атқарған еңбегінің жемісті екеніне көзі жетіп, барлық қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізі еңбек екендігін терең ұғынатын болады. Сөйтіп, қоғам алдында азаматтық борышын атқаруымен бірге, өз басына жүктелген жауапкершілікті орындап шығу кісілік беделді қалыптастырып, іскерлікті шыңдайды.

Жауапкершілік адамның міндетті істі атқаруымен бірге, оның мінезіндегі ерік-жігерін, қайраттылығы мен табандылығын көрсететін ерік сапалары болып саналады.

Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туғантуыстарына, жора-жолдастарына, ұжымдағы қызметтес құрбыларына, жалпы әлеумет алдында беделді кісі деп бағаланып, оның абыройын үнемі көтермелеп, жауапкершілігі күрделі істерді атқаруға сенім артып отырады.

Жауапкершіліктің кері ұнамсыз жағы – жауапсыздық. Жауапсыздық міндетті іске салқын қарап, жүктелген міндетті орындамайды. Ондай адам қоғам алдында абырой-беделге ие бола алмайды. Атқарған жұмысында сенімсіздік тудырып, ісінің шала-шарпылығын бетіне кінә етіп тағады. Жауапкершілік тек мінезде ғана емес, сондай-ақ сезімдерде, қабылдауларда, саналауда, қатынастарда, мінезқұлықтың әртүрлі формаларында көрініс табады.

Жауапкершіліктің негізгі белгілері ретінде тұлғаның өз міндеттерін атқарудағы тиянақтылығын, өз ісі- не адалдығын, сондай-ақ өз әрекеттерінің салдарына жауап беруге дайындығын, шыншылдығын, әділдігін, ұстанымдылығын айтуға болады. Кез-келген міндетті орындау еріктік қасиеттер мен күш-жігерді, табандылықты, ынтаны, батылдықты, шыдамдылықты талап етеді. Ал міндеттер, яғни шартсыз түрде орындалуға тиісті әрекеттер рөлдік функцияларды орындауға байланысты ажыратылады: қызметтік, отбасылық, азаматтық қоғамдық, және т.б. Психологияда тұлғаның жауапкершілік қасиетін анықтайтын субъективтік қадағалау деңгейі ұғымы бар.

 

Жұмысы таңғы сағат 6 да басталады. Өріске шығатын сиырларды тексеріп, қан алып, вакцина салып, дайындайды. Сағат 8-9 аралығында малдарды дәрілеу прцессі болады, сосын үйіне келіп шәйін ішеді. Содан соң вакцинацияланған сиырлардың тізімін базаға еңгізеді. Кешке қарай малдар өрістен қайтады, сол кезде тағы да дәрілейді.

Вакцинация процессі рет-ретімен жүзеге асады, әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында егіледі. 1 айда орташа есеппен 3000-4000 қой, 500-600 шақты мал вакцинациядан өтеді.

Вакцинациялауға бармас бұрын тұрғындарға қораларын тазалауды ескертеді, малдарын таза ұстау керек екенін айтады, содан кейін барып дәрілеп кетеді.

Мал бағатындарға жақсы және жайлы жайылым жерлер таңдауды, малды мезгіліне қарай жайлы жағдай жасап, қарап, баптау керектігін айтады.