Еңбек адамы Аханов Берік Даулетбокович
Кейіпкеріміз Аханов Берік Дәулетбекұлы 1990 жылы 18 қазан күні Кентау қаласында дүниеге келген. Әкесі Сауран ауданы Оранғай ауылының тумасы болғандықтан, отбасылық жағдайына байланысты Сауранға көшіп келген. 2008-2012 жылдар аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-да Спорт және дене шынықтыру мамандығында оқыған. Жас кезінен бастап спортқа деген қызығушылығы басым болған, соның арқасында спорт саласына келген. Одан кейін Яссы колледжінде дене шынықтыру пәні мұғалімі болып 5 жыл жұмыс істеген. 2017 жылы Кентаудағы №4-балалар мен жасөспірімдер футбол мектебіне шақырту алған, ол жерде 2023 жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс істеген. Халықаралық футбол ассоцияцияның әртүрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.
Әр командада максималды 11 ойыншы, оның біреуі қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.]. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты — матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзіліс бар.
Ойын мақсаты — команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса — тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса — матчтан кейінгі пенальти жүптары өткізіледі
Футбол ұжымдық ойын болғандықтан, команданың барлық он бір ойыншысының ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай білуі шарт деп саналады. Команданың қабыл алған ойын жүйесіне байланысты футболшылар алаңда нақты орындарда тұрады. Ойын-шылардың алаңда орналасу жүйесі әртүрлі болады, оларды таңдау командадағы ойыншылар құрамасының қалай іріктелуіне байланысты.
Қазіргі күні көптеген командалар шеткі қорғаушылар да жиі шабуылға қатысатындай 4-3-3 үлгісінде ойнайды. Мына әдіспен орналасқанда «тазалықшы» төрт қорға-ушының сырт жағында тұрып, олардың қате кеткен жерлерін жөндейді. Қақпашы шабуылдаушыға «шабуыл бұрышын» тарылтып, тосқауыл қою үшін ұмтылып келеді. Баспен қысқа пас беру арқылы әріп тесіңнің шабуылдауына көмектесесің. Қақпаны бойлай бас-пен пас жасау, қорғаушыны шатастырып, гол салатындай жағдай тудыруы мүмкін. Қорғаушылардың ойыны зоналық ойыншыларды немесе жеке ойыншыны бақылауды міндетіне алу принципіне құрылады. Бірінші жағдайда, қорғаушы алаңның «өз» бөлігіне ғана жауап береді. Жеке ойыншыны бақылағанда әр қорғаушы қарсылас команданың нақты бір ойыншысына бағытталған, тіпті, сөзбе-сөз айтқанда, оның із өкшесінен қалмайтын әрекет жасайды. Қай сызықта ойнап жүрсең де бәрібір. Бастысы, допсыз орын ауыстырудың маңызы доп сенің аяғыңда болған-дығынан еш кем емес екенін ұмытпау керек.Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі. 1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 — 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.
Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы — шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.
Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді.Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді. Ежелгі Шығыс елдерінде тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.
Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.
19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның құрылуына мұрындық болды.
1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті.
1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды
Жаттықтырушы — спорт түрлерінің қыр-сырына мақыштандыратын спорт маманы. Бұрын дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы спорт жоғары жаттықтырушылар мектептерінде дайындалды.
Мұндай факультет Қазақ дене тәрбиесі институтында 1958 жылы ашылды, Мәскеу, Киев, Ленинград қалаларында жоғары жаттықтырушылар мектептері болды. Шеберлік деңгейі жоғары (Ә., Азия О.о- дардың чемпиондарын) тәрбиелеу ұстаздан асқан білімдарлықты, жан-жақтылықты қажет ететін күрделі жұмыстардың бірі. Сондықтан спорт өнеріне үйреткендердің бәрін жаттықтырушы деп атауға болады.
Оларды былай жіктеуге болар еді: үйретуші, тәрбиелеуші және жаттықтырушы. Нағыз кемелденген жаттықтырушының адам анатомиясынан, физиологиясынан, патологиялық физиологиядан, генетикадан, биофизикадан, биохимиядан, психологиядан, дене тәрбиесі мен спорттық ілімнен мол хабары болуы керек.
Сонымен қатар ол тәрбиелі, парасатты, білімі жан-жақты, ұлтжанды, ин¬тернационалист, тәрбиелі, өз шәкірттерінің арасында, қоғамда беделді де адам болуға тиісті. Кез келген қоғам, мемлекет, үкімет басшылары жас ұрпақтың, саңлақ спортшылардың ұстазы «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «ҚазКСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрмет атақтарды тағайындаған. Атақты чемпиондары мен спорт жұлдыздарын тәрбиелеген көптеген жаттықтырушылар өз мемлекеттерінің жоғары наградаларымен, ордендерімен, медальдарымен басқа да құрметті атақтармен марапатталған.
Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия аймағы спортшыларының қатысуымен өткізілді. Ұлттық күрестің дамуы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер жыл сайын өткізілетін болды.
2004 жылы Қазақтардың Берлиндегі Бүкіләлемдік Құрылтайында конференция болып, сонда «Қазақша күрес» күресі бойынша халықаралық федерация ұйымдастырылды. Федерацияның президенті — Түкиев Серік Адамұлы.
2005 жылы Ресейде Алтай өлкесі «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті. 2005 жылы қарашада Астанада ҚР Президентінің жүлдесіне «Қазақша күрес» күресі бойынша ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия, Франция және басқалары бар. Биылғы жылдың шілдесінде Монғолияда «Қазақша күрес» күресі бойынша ІІ Азия Чемпионаты өтті.[2] 2011 жылы тамызда қазақша күрестен Қазақстан біріншілігі болып өтті.Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері «Самбо». Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.
Күресетін палуандар жаңадан енгізілген ереже бойынша жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жас өспірімдер үшін 5 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырынын жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты — күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Кейде жыққан адам жығылған адамның басынан аттап «күш алу» деген байырғы жеңіс белгісі жасалады. Қазақша күрес аудандың, облыстық, республикалық спартакиадалардың программаларына кіргізілген, спорттық командалары бар ресми түрде жұрт таныган өнер.
Ораңғай ауылының жасөспірімдерімен бірге облыстық жарыстарға қатысқан, жетістіктерге жеткен. Содан кейін Сауран ауданында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. 1 қыркүйектен бастап сол жерге аға жаттықтырушы болып қабылданған, қазіргі таңда туған жеріне қызмет етіп жүр! Биыл екі жарыста оқушылары жақсы нәтиже көрсетіп келген, 2014-2015 жылдар арасында “Орда Cup” республикалық жарысында чемпион болды. Қарашаның 2-3-аралығында өткен “Таукент академия Cup” турнирінде 2015-2016 жыл туған балалар арасындағы жарыста оқушылары 2-орынды қанжығасына байлаған. Жалпы 70-80 шәкірті бар. Футбол жолында тәрбиелеп келе жатқан оқушыларына әлемнің әйгілі футболшыларын үлгі ретінде айтады, оларға мотивация береді, жаттығу барысында шәкірттері қателесіп жатса, әр пенде қателеседі, бұл қателіктер Мессиде де болады деп, оқушыларының алға қарай ұмтылуына бар күш-жігерін салады. Өз маманжығын жақсы көреді, болашақта әлемге аты әйгілі футболшыларды тәрбиелеп, солармен мақтанып жүруді қалайды.