«Еңбек адамы» 70 жастан асқан спортшы жас спортшыларға тәлімгерлік етеді


Үлкен спортта шек жоқ екеніне бүгін тағы бір рет көзіміз жетті. Жасы жетпістен асқанда шағында спортқа деген махаббатым таусылар емес деген Найманбаев Ерген. Сауран облысы, Шорнақта дүниеге келген. «Бала кезімнен спортқа қызығып өскенмін. Себебі, Тілеген деген үлкен ағама қарап, спортқа деген қызығушылығым оянды. Кішкентайымнан футбол ойнап, волейбол ойнап өстім. Бала кезімнен спорт шебері болсам екен деп армандайтынмын» дейді жасы 70 тен асқан қария.
Кейіпкеріміз мектепті бітіргеннен кейін,училищеде футбол мен волейболдан көзге түсе бастаған. Түркістан қаласында футбол ойнап жүргенде, Қызылорда қаласына шақырту алған. Арман жолын қуған кейіпкеріміз Қызылорда қаласында 10 жыл жазда футбол ойнап, қыста волейбол ойнап уақыт өткізген. Араға 10 жыл салып, қайта туған жеріне оралған қария өз артынан еретін шәкірт тәрбиелей бастаған. Кейіпкер сөз арасында жастық күнін еске алды. Қызылорда қаласында өнер көрсетіп жүрген түсында, жолдастары «Марадон» деген атақ берген екен.
2002 жылы Нарбай Оразбай бапкер өзінің командасына шақырған. Сол жылдан бастап кейіпкер мүгедектерге арналған волейбол сапында ойын көрсетіп жүрді. Түркістан облыс орталығына айналғаннан кейін, кейіпкеріміз еліне қайта оралды. Қазіргі таңда Түркістан мүгедектер спорт мектебінде қызмет атқарады. Тұрып ойнайтын волейболдан 9 дүркін күміс медаль, сонымен қатар 3 жыл қатарынан 3 рет «Қазақстан чемпионы» марапаттары, пляжды волейболдан 7 күміс медаль иеленген. Бұдан қалса Халықаралық турнирде күміс медальді қоржынына салып келген.
Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
« Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды.
Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы «оқу» білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек» — дейді кейіпкер Найманбаев ерген.
Бапкердің жасы 71 ге келсе де, ол әлі жастарға берерім көп деп қажымас қайратын көрсетті. Бар тілегі Шорнақ ауылына спорт зал салынса, балаларын бұданда биік жетістіктерге жеткізетінін айтады. Артынан еріп келе жатқан шәкірттері қазір өз өнерлерін көрсету үшін, Қызылорда және Алматы қалаларында бақтарын сынап жүр екен. Жастар алдында тегін еңбек етіп жүрген бапкер шәкірттерінің Түркістан облысының футбол құрамына кіретініне қуанышын білдірді.
Әлемдегі халқы қуатты, даму жолына түскен іргелі мемлекеттермен тек спорттық имиджімізбен ғана бәсекелесе алмақпыз. Әр бір спорт түрі өзінше отау тігіп, қарқынды даму үстінде. Дене бітімінде кемістігі бар жандар да үлкен спорттың қызығы мен шыжығынан қалыс қалмақ емес.