ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ
Шымкентте діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойыншa жиын өтті. Қалалық «Ақ-ниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының мамандары арнайы қатысып, дінаралық мәселелерді талқылады. Кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында өтті.
Діни ахуалы тұрақты елдің даму деңгейі де тұрақты болады. Сондықтан, ел дамуын еселеу үшін діни татулықты да тұғырлы ету қажет.Дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен де таныс болуы керек дейді,- Дәлелхан Оспанов.
Дін тек құлшылық емес. Бірліктің де бастауы. Ал бірлік ел тұтастығының негізі. Еліміздегі әрбір дін өкілі осыны естен шығармауы керек. Өйткені, діни көзқарас өзі үшін маңызды болса, ел тыныштығы қоғамға қажет.
Айта кетейік, шара барысында қоғамда орын алып жатқан жағдайлар мен оқиғалар кеңінен түсіндіріліп, діни сергек болу керек екені айтылды. Тыңдаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған мамандар тиісінше жауаптар берді.
