ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ІССАПАРЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Департамент басшысы Ө. Балажановтың және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысының филиалының басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі А. Қалыбектің Бәйдібек ауданындағы арнайы жұмыс сапарында ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізіп, Президенттік жастар кадр резерві жайлы ақпараттармен бөлісті.
Кездесу барысында Департамент басшысы Президенттік жастар кадр резервіне құжат тапсыру үшін қойылатын талаптар, Резервке қабылдану нәтижесі туралы мәлімдеді.
Әсіресе, резервшілерді іріктеу кезінде ескерілетін негізгі кезеңдер түсіндіріліп, оның мән-маңызы, басты қағидалары туралы сөз болды.
Президенттік жастар кадр резерві – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасы. Бұл бастама дарынды, бастамашыл, еліміздің дамуына бей-жай қарамайтын жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған. Осы жайында баяндаған Амангелді Ілесбайұлы ел мүддесіне адал қызмет етемін деген жастардың Президенттік жастар кадр резервіне белсене қатысуға шақырды.
Жиынға Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков қатысты.