ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ МҰХИТ ТҰРҒАРАЕВ ШОРНАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

 

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев Сауран ауанының Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда болған 20-ға жуық ауыл тұрғындары әділет органдарына қатысты өз өтініштері мен сауалдарын жолдады. Шара барысында тұрғын үйді заңдастыру, сондай ақ алаяқтардың арбауына түсіп қалған азаматтарға сала мамандары құқықтық кеңес берді.
Бұдан бөлек Түркістан облысының сот орындаушылар палатасының, адвокаттар алқасының, нотариаттық палатаның сонымен қатар заң консультанттары палатасының өкілдері де қатысып,халыққа заңгерлік көмек көрсетті. Сонымен қатар келушілерге құқықтық ақпараттық жадынамалар таратылды.
Айта кетейік, Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев Республикалық Нотариаттық палатасының төрайымы Асель Жанабилованың «Нотариат саласына қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
— «Мұндай марапатқа ие болу үлкен мәртебе. Бұл менің қызметіме ғана емес, бүкіл ұжымның жұмысына берілген баға деп ойлаймын. Білім мен тәжірибемізді пайдалана отырып, біз Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуі жолындағы жұмысты жалғастыра береміз», — деген Департамент басшысы.