Дүниенің ең үздік дәрі-дәрмектері қандай?
Тұмау
1. Ибупрон – ауруды қатты басатын әрі тез әсер ететін дәрі. Көпіршік таблетке түрі асқазанды жайлдандырса, шам секілді түрі балаларға қолайлы.
2. Колдрекс – қан жолдарын кеңітетін керемет препарат. Тез әсер етеді. Ыстық суда ерітіп алады.
3. Назол – тұмаудан құтқарып қана қоймай, мұрынның былжыр қабығын кеуіп кетуден сақтайды. 12 сағатқа әсері бар.
4. Нурофен – жедел жәрдем, жылдам көмектеседі. Балаларға арналған шам түрі бар. Алайда, қан құрамының қасиетін төмендетеді.
5. Парацетамол (панадол, эффералган) – қызуды басатын тамаша дәрі. Демікпесі бар жандардың қолынан түспейді.
6. Полиоксидоний – иммунды жүйені ынталандырады. Көбіне балалар қолданысында. Төтенше сәтте қажеттілікті өтейді және вирус инфекциясының алдында алуда қолданылады.
7. Рибомунил – иммунитетті қалыпқа келтіреді, балаларға ең тиімді дәрі ретінде ұсынылады.
8. Санорин – аллергияға қарсы құрамы бар тез әсер ететін тұмау дәрісі.
9. Флукол–Б – арзан әрі тиімді препарат, бірақ, құрамында 8% алкоголь болады. Жүргізушілерге шектеледі.
Бауыр
1. Антраль – сапалы препарат, әлемдегі бірегей өнім, бауыр клеткасын кез келген микроб басқыншылығынан сақтайды.
2. Галстена – тамызық, кішкентай балаларға арналған таптырмас дәрмек.
3. Лиолив – бауырды сарыаурудан сақтайды (төмендетілген билирубин).
4. Липоферон – ауыз арқылы қолданылатын препарат, инъекционді интерферондардан 5 есе арзан!
5. Оротат калия – бауыр жұмысын жақсартады, ақуыз жинақтайды, зат алмасу процесін жоғарылатады.
6. Силимарин-гексал – өсімдік препараты. Әсер ететін зат құрамы ұқсас түрдегі дәрілерден көп (карсиль, силибор, гепабен).
7. Холензим – өт айдайтын арзан дәрі, тамақ қорытуға көмектеседі, ұйытқы бөлінуін жақсартады (фермент).
8. Холивер – өт айдайтын өсімдік түптегі дәрмек.
9. Хепель – қосалқы әсері жоқ гомеопаттық неміс дәрісі.
10. Эссенциале – бауырды емдеуде пәрменді әсер ететін соңғы 20 жылдықтың дәрісі.
Асқазан
1. Альтан – өсімдік дәрмегі, жара ауру түрлерінде танымал.
2. Ацидин-пепсин – асқазандағы қышқылдықты өсіреді.
3. Гастритол – тамызық түріндегі өсімдік дәрісі, балаларға жақсы әсер етеді.
4. Мотилиум – асқазанның ас жүру жолын реттестіреді.
5. Облепиховое масло – асқазандағы қызару процесін төмендетеді.
6. Париет – асқазандағы қышқылдықты төмендетін соңғы жылдардың үздік дәрісі.
7. Пилобакт – хеликобактерге қарсы жаңа өнім.
8. Ренорм – іш қызуын бірден басатын фитоконцентрат, ас қорытуды реттейді.
9. Риабал – асқазандағы түйілуді жақсартады, балаларға бекітеді. Тамызық түрінде де, тамшы түрінде де кездеседі.
10. Фосфалюгель – іш қыжылын кетіреді, аналогтарымен салыстырғанда уыты аз.
Көз
1. Зовиракс – көз жақпа майы, көз бен қабақ арасындағы мөлдір ауруды болдырмайды.
2. Квинакс – шел түскенде қолданылатын үздік профилактикалық өнім.
3. Корнерегель – гель, көз шынайнасындағы мөлдір қабықты қалыпқа келтіреді.
4. Ксалаком – ксалатан мен тималол секілді препараттардың жиынтығы. Әрекет күші белсенді.
5. Ксалатан (траватан) – су қараңғылықта тиімді, бір күнде бір-ақ рет тамызылады.
6. Систейн – жасанды қабыршақ, артықшылығы — тәулігіне бір рет тамызса да бола береді.
7. Униклофен – ісіп қызаруға қарсы тамшы түрдегі нестериодты ең жақсы өнім.
8. Флоксал – тамшылар, антибиотик, микроағзаның аумақты спектрінде әсер етеді.
9. Флоксаловая мазь – көздің шырықты қабығын бактерия басқанда көмектеседі.
10. Циклоксан – тамшы түріндегі қуатты антибиотик, түрі бактерия ауруы түрлерінен сақтайды.
Құлақ
1. Амоксицилин – антибиотик, ауру түрін тудыратын белгілерге қарсы.
2. Клавициллин-амоксициллин + клавуланды қышқыл – микроағзаның сезімтал амоксицилиндерінен бөлек те, бактеерияның бірнеше түріне белсенді әсер етеді.
3. Отофа – құлақ тамызықтары, құлақтың орта бөлігінің ісіп қызаруына қарсы қолданылатын антибиотик.
4. Отипакс – ісіп қызарудың алдын алатын және ауруды басатын біріктірілген препарат.
5. Нимесулид – біруақытта ауыртпайтын, ісіп қызарудың алдын алатын және қызуды басатын қасиеті бар.
6. Нокспрей – мұрын қуысындағы шырышты қабықтың құрғауына алып келеді, евстахий түтігінің (орта құлақты мұрын-тамақ жолымен ұштастыратын түтік) домбығуын, ісінуін бәсеңдетеді.
7. Ципрофлоксацин – құлақтың қабынуына қарсы өнім.
8. Цефаклор, цефиксим, цефподоксим, цефпрозил, цефуроксим – екінші және үшінші заман ағыстың цефалоспориндері. Ампициллин әсер етпеген жағдайда қолданылады.
9. Эдас-125 тонзиллин – гомеопаттық тамызықтар капли, 2 жасар балаларға бекітіледі.
10. Эритромицин – пенициллин түрлеріне аллергиясы бар жандарға арналған препарат.
Жүйке
1. Венлаксор – қосалқы әсері жоқ антидепрессант, ауыр депрессия жағдайынан тез шығарады.
2. Бусперон – қорқыныштың алдын алуға бағытталған қуатты дәрі, тыйылу эффектісін жоққа шығарады. Жүргізушілерге және студенттерге емтихан алдында қолдануға болады.
3. Гидазепам – жұмсақ ұйқы дәрісі. Бір бір тұтынған соң, араға ай салып барып ішу қажет.
4. Зипрекса – тез әсер ететін әрі жанама әсері жоқ өнім.
5. Имован (сонап, сомнол, сонаван) – заманауи соңғы ұйқы дәрісі.
6. Паксил – жан тыныштандыратын антидепрессант.
7. Праместар – жадыны жақсартады және ақпараттарды ұзақ уақытқа сақтауға көмектеседі.
8. Рисполепт – ауызда кәмпит секілді еріп салатын өнім.
9. Сульпирид (эгланил) – біруақытта жүйке мен асқазанды ретке келтіреді.
10. Финлепсин – неврит пен құрысудың алдын алады, көңіл-күйді де реттейді.
Бұл дәрі-дәрмектің қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігер маманымен кеңесу керек, кейбір дәрілер кері әсер беріп, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін!
zharar.com