Біздің басты мақсатымыз – азаматтардың сенімі мен үмітін ақтау!

Елімізде тұңғыш рет Аманат партиясының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы болып өтті. Бұл жай ғана дептаттардың бас қосуы емес үкімет мүшелерімен тікелей диалог құруға мүкіндік беретін форум болды. Еліміздегі бірқатар түйіткілді мәселелер бойынша депутаттар үкімет мүшелеріне өз сұрақтарын қойып елдің мұң-мұқтажын ашық жеткізуге мүмкіндік берді. Бізде өз кезегімізде форум аясында үкімет мүшелерімен кездесіп ауыл және кенттердің әл-ауқатын көтеру, жаңа жұмыс орындарын құру, халқымыздың жайлы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрлымдарды жасау бойынша пікір алмастық.

«AMANAT» партиясының жаңаруы осылай басталады деп ойлаймын. Партия өз тарапынан, біріншіден, өкілді және атқарушы билік арасындағы байланыстырушы рөлін атқарса, екіншіден, Президент пен партияның сайлауалды уәделерінің толық көлемде орындалуын бақылауды күшейтеді. Бұл істе мәслихат депутаттары маңызды рөл атқарады. Біз халық алдындағы жауапкершілігімізді жақсы түсінеміз. Соныдқтан, өңірлердегі халық қалаулылары жүйелі және қажырлы еңбек етуі керек деп ойлаймын.

Форумда барлығы 11 панельдік сессия өтіп, оның жұмысына барлық деңгейдегі мәслихаттың 2,5 мың депутаты, «AMANAT» мүшелері қатысты. Олардың алдында Үкімет мүшелері: Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет министрі Асхат Оралов, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сөз сөйледі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен әңгіме барысында депутаттар мамыр айының қорытындысы бойынша 15,9%-ды құраған инфляцияның өсу мәселесін көтерді.
Сондай-ақ министр әкімшілік реформа және бюджеттік қатынастар мәселелеріне жеке тоқталды.
Азаматтық қоғам қалыптастыру негізінде халық қалаулылары жұртшылықпен етене араласып, елдегі күрмеулі мәселелерді шешуге тікелей ықпал жасап жатқаны партиямыздың басым бағыттарының бірі. Сондықтан да, жиында әр депутат туған өңірдің проблемалары мен жағдайын жеткізуге тырысты. Алда атқарар жұмыс көп және оны халықтың аманаты деп білеміз.

Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Мағауия Тұрысбеков!