Жетісайда “Біз өмірге құштар жанбыз” атты әдеби әуен кеші өтті

Жетісай аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен “ Біз өмірге құштар жанбыз” атты әдеби әуен кеші Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған “Балдәурен күндіз болу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілді.
Ісшараның мақсаты — балаларға көтеріңкі көңіл сыйлау. Мүмкіндігі шектеулі жандарға өмірге құлшыныстарын арттыру, ұлт жандылыққа тәрбиелеу, көтеріңкі көңіл сыйлау іс- шараны кіріспе сөзбен бастап жүргізген аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Шоматова Назира. Балаларға әннен жыр шашу шашқан кітапхана қызметкері Нұрлыбек Елтон және басқа да өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.