БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ 29 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан 29 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі.

Бұл туралы аудан әкімі Боранбай Булатбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Асфальт төсеу жұмыстары Карл Маркс, Қазығұрт елдімекеніндегі 1, Ақтас елдімекеніндегі 4, Құрсай елдімекеніндегі 13, Агропром, Айкөл елдімекеніндегі 3, Жаңаталап, Агрофирма, Қарасу елдімекендерінде 2 көшеде жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл Құрсай елді мекеніндегі 40 көшеге шағал тас төселеді. Олар Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Таң атар-1, Таң-атар-2, Таң-атар-3, Таң-атар -4, Таң атар-5, Ханшатыр, Сарғау, Атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7,8 көшелер мен Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай 1/8, Атақорған, Күмістікөл, Киіктау, Қарашығанақ, Ақбата, Ақбата өткелі, Қосқорған, Аққыстау, Қармақшы, Бадам-1, Құрылыс елдімекеніндегі көшелер. Бұл бағыттағы жұмыстар сәуір айында басталады.