БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫС ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Білім және ғылымды дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып, жүргізіп отырды.

Кеңес отырысында кеңес мүшелерімен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, мемлекеттік мекеме басшылары, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжілісте білім саласы бойынша Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының 2021 жылы орындалуы, 2022 жылға қаржыландыру және осы саладағы күрделі мәселелер талқыланды.

— «Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екеніне назар аударды. «Nur Otan» реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға, Қазақстанды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет етуге тиіс», — деп атап өтті. Бұл ретте партия өзін-өзі жаңартуы керек. Партияның бүкіл жұмысын сөз жүзінде ғана емес, түбегейлі қайта құру қажет. Партия Төрағасы Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар әзірленетін ашық әрі тиімді алаңға айналуға тиіс. Олар өзекті мәселелерді шешудің нақты жұмыс істейтін механизміне айналуы керек екендігін атап өтті. Сапалы білім мен саналы тәрбие алған жас ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан «Nur Otan» партиясы қалада білім беру саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді», — деді Ж.Бектаева.

Партия филиалы жанындағы Білім және ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асуы үшін дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуына бақылау жасау мақсатында құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі күнге дейін республикалық Қоғамдық Кеңестің 4 отырысы, аймақтық кеңестің 5 отырысы өткізілді. Қазіргі таңда кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша 21 мәселе қаралып, 13 ұсыныс мен қаулылар қабылданды. Отырыстарда жүйелі түрде Жол картасындағы білім саласына тиісті 14 бағыты туралы мәлелелер талқыланып, өткен жылдың қорытындысы бойынша 13, яғни 93 пайызы орындалды. Тиісті басқармаларға жолданып, дер кезінде шешілді. Сонымен қатар, Жол картасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға мониторинг жүргізіліп, кемшіліктер бойынша да ұсыныстар берілді.
Қоғамдық Кеңестің мүшелері өте белсенді түрде қызмет етіп, партияның алға қойған мақсаттары мен бағдарламаларын уақытылы әрі сапалы орындалуына аянбай еңбек етуде.