Бала болашағына берік кепіл «Bilim- life»
Ата-ана үшін перзентінің болашағы — ең қымбат армандардың бірі. Сол арманның бір ұшы баланың сапалы білім алып, өз жолын табуына, тұлға болып қалыптасуына тіреледі. Уақыт өз дегенін жүргізіп, өмір өз өрнегін сала бермек. Осындайда баласының ертеңіне алаңдаған саналы ата-ана бүгіннен бастап қам жасап, ұрпағына сенімді тірек болуды көздейді. Осы орайда «Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы ұсынған «Bilim-life» бағдарламасы — бала болашағына бағытталған ізгі ниеттің жарқын көрінісі.
Білім – ең үлкен байлық.
Халық даналығы: «Білімдіге дүние жарық» дейді. Қазіргі таңда сапалы білім алу — үлкен мүмкіндік қана емес, бәсекеге қабілетті болудың басты алғы шарты. Алайда жоғары оқу орындарындағы оқудың құны жыл сайын өсіп келеді. Көп жағдайда ата-аналар оқуға түсер сәтте қаржы іздеп, не несиеге жүгінуге мәжбүр. Осындай қиындықтардың алдын алу үшін «Bilim-life» — ең тиімді шешім.
«Bilim-life» – үмітті ерте жоспарлау.
Бұл бағдарлама — жинақтаушы өмірді сақтандыру түрі. Яғни ата-ана белгілі бір уақыт бойы жарна төлей отырып, баласының 17–18 жасында жоғары оқу орнына түсуіне қажетті соманы жинақтайды. Бұл — тек қаражат жинау ғана емес, сол жолда кездесетін өмірлік тәуекелдерге қарсы қорған да.
Егер сақтанушыға (ата-анаға) күтпеген жағдай орын алса — ауру, жазатайым оқиға немесе басқа да қиындықтар, келісімшарт мерзіміне қарамастан, жинақтаушы жарналар жалғаса береді, ал бала білім алуға тиіс қаржыны уақытында алады. Бұл — ұрпаққа көрсетілген шынайы қамқорлық пен үлкен жауапкершіліктің үлгісі.
Бағдарламаның артықшылықтары:
Икемділік: Жарнаны өзіңіз таңдаған мерзімге және мөлшерде төлей аласыз
Қауіпсіздік: Жинақтаушы қаржы сақтандыру қорғанысымен бірге жүреді
Жинақтың кепілді қайтарымы: Шарт мерзімі аяқталған соң, балаға толық төлем жасалады
«Халық-Life» — сенім мен тұрақтылық символы
2005 жылдан бері өмірді сақтандыру нарығында сенімді қызмет көрсетіп келе жатқан «Халық-Life» — Қазақстандағы ең ірі және қаржылық тұрғыдан тұрақты компаниялардың бірі. Бүгінгі таңда мыңдаған ата-ана «Bilim-life» бағдарламасына сенім артып, баласының болашағын ерте жоспарлауда.
Білім – ұрпаққа қалатын мәңгі мұра.
«Bilim-life» – сол мұраны иесіне аман-есен табыстаудың бір жолы. Бұл тек қаржылық жоспарлау ғана емес, бұл – баланың болашағына деген махаббаттың, үміттің, сенімнің көрінісі.
Ендеше, ертеңге бүгін дайын болайық.
Балаңыздың арманына жол ашыңыз – «Bilim-life» бағдарламасымен бірге!
Дастан Баширов,
Шымкент қаласы