БАҚЫТЫҢДЫ БАЛАҢНАН ІЗДЕ
Жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуға тәрбиелеу. Ата-аналардың мұғалімдермен ынтымақтастық аясын кеңейту, бірлесіп жұмыс жасауға шақыру, бала тәрбиелеудегі тиімді әдіс-тәсілдер мен идеялармен алмасып, сол арқылы күнделікті бала тәрбиелеуде қолданатын тәсілдердің ықпалын күшейту. Ата — ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір — біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата — ана екенін түсіндіру мақсатында Сайрам ауданының білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог психологы Айтбаева Айнур Турдалиевна және «Іс жүргізуші» кәсібінің мұғалімі Динара Тойчиева «Бақытыңды балаңнан ізде» тақырыбында кәсіп оқушыларының ата-аналарымен коучинг өткізді.
Ата-аналар төрт топқа біріктіріліп — бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?, бала үшін ата — ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?, бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?, баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па? деген сауалдарға бала тәрбиесіндегі ойларын ортаға салды.Жұмбақ кейіпкерді мазалаған ойға өз ақыл-кеңестерін айтты.
Психолог: «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жаднама таратты:
1 — қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»;
2 — қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»;
3 — қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»;
4 — қателік Балаларды тым еркелету;
5 — қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»;
6 — қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету;
7 — қателік Баланың ісіне көңіл — күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл — күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау;
Коучинг «Ақ және қара жәшік» ойыны арқылы қорытындыланды.
«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе…». Баласының бойынан көргісі келетін жағымды қасиеттерді- ақ жәшікке, жағымсыз қасиеттерді -қара жәшікке салды.